Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Жинақтық, болжамдық сан есімдер
Сабақтың тақырыбы: Жинақтық, болжамдық сан есімдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сан есімнің жинақтық, болжамдық мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуге үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорларын, өз бетімен іздену, ойлау қабілеттерін дамыту, ойларын нақты айтуға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, өз елін сүйетін рухы биік тұлға болуға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: СТО, оқулықпен жұмыс
Сабақтың жабдығы: интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, халық педагогикасы

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру 166 - жаттығу – Ой шақыру
• Сан есім дегеніміз не?
• Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
• Дара сан есім дегеніміз не?
• Күрделі сан есім дегеніміз не?
• Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
• Есептік сан есімнің сұрағы қандай?
• Реттік сан есімнің сұрағы қандай?

3. Жаңа сабақ
ЖИНАҚТЫҚ САН ЕСІМ
Заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді.
Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге - ау, - еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: біреу, алтау, жетеу;
Дауысты дыбысқа біткен екі, алты, жеті деген есептік есімдерге - ау, - еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы - ы, - і түсіріліп қолданылады.
Мысалы: екі+еу ═ екеу, алты+ ау═алтау,
Жинақтық сан есімдер заттанып, заттық мағынаны беріп тұрады.
Мысалы: Алтау ала болса ауыздағы кетеді.
БОЛЖАЛДЫҚ САН ЕСІМ
Заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы?, қаншадан? Сияқты сұрақтарға жауап береді.
Жасалу жолы:
- лаған, - леген, - даған, - деген, - таған, - теген, - лап, - леп, дап, - деп, - тап, - теп, - дай, - дей, - тай, - тей
Мысалы: жүздеген, мыңдап, елулеп;
Есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне жатыс, барыс септік жалғауы жалғанады.
Мысалы: елулерде, отыз бестерге;
Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы
Мысалы: жетпіс - сексен, жүз - жүздеген;
Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы.
Мысалы: мыңға тарта, жүз шамалы, отызға жуық
Оқулықпен жұмыс
168 - жаттығу (жазбаша)
171 - жаттығу (ауызша)

СЕМАТИКАЛЫҚ КЕСТЕ
№----- Мысалдар ---- Есептік ------ Реттік ------ Жинақтық ------- Болжалдық
1 ------ Екеу
2 ------ Біреу
3 ------ Екі - үш
4 ------ Бесінші
5 ------ Жетеу
6 ------ Мыңдаған
7 ------ Алпыстай
8 ------ Отыз бестерде

6. ТАҢБАМЕН ЖҰМЫС
Тү+1
К+2+л
К+3+ік
7+к
3+көз
9+құмалақ

С Ө З Ж Ұ М Б А Қ
БОЛЖАЛДЫҚ

10. Сергіту сәті
11. Үйге тапсырма
167 – жаттығу
170 – жаттығу
«Олимпиада кереметтері» тақырыбында шығармашылық жұмыс.
12. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама