Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Жинақтық сан есім
Астана қаласы,
53 мектеп - лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қошқарбаева Айжан Тоқтарқызы

Қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Кездестіру ұйымдастырамыз. Жинақтық сан есім
Білімділік: қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы тақырып аясында оқушылардың ақпараттық ұғымын кеңейту. Лексикалық тақырып аясында жинақтық сан есімді меңгерту.
Дамытушылық: жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде сұхбат құру мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: тілдесім барысында әртүрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы оқушыларға рухани - мәдени тәрбие беру.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі: белгілі адамдармен кездесу қалай ұйымдастырылатыны жайлы ақпарат береді, достарымен сөйлеседі.
Оқушының орташа жетістігі: тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді тілдесім барысында тиімді қолдана алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі: тақырып аясында өзінің достарына, ұстазына танымал адамдармен кездесу ұйымдастыруға қатысты өз ұсыныстарын айтады, кездесу барысын сипаттай алады.
Негізгі түсініктер: кездесу, өткізу, маман иесі
Сабақта қолданылатын материалдар: интерактивті тақта, слайдтар, түрлі түсті қағаздар мен фломастерлер, өзара бағалау парағы, желім қағаздар, маркерлер
Оқыту әдістері: сипаттау, талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, «Мен жұлдызбын» тренингі, диалог, жұптық жұмыс, «6 сөйлемді әдіс», сергіту жаттығуы.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Оқушыларға психологиялық ахуал тудыру. «Мен жұлдызбын» тренингі
Оқушылар екі қатарға тұрады. Бір - бірлеп танымал адамның кейпінде қатар арасында қол бұлғап өтеді.
2. Қызығушылықты ояту. Оқушыларға сұрақ қояды:
- Балалар, сендер қай танымал адамдармен кездесу ұйымдастырғанын қалайсыңдар? Кімді кездесуге шақырар едіңдер? Кездесуді қалай ұйымдастыруға болады? Қандай жоспар құрар едіңдер?
Оқушылар жауап береді. Кездестіру ұйымдастыру жайлы өз ұсыныстарын

айтады.
III. Мағынаны ашу. 1. Сөздікпен жұмыс.
а) мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс.
а) Айтылым. Ойлау қабілетін дамыту үшін оқулықтағы 1, 3 - тапсырманы орындатамын. Оқушылар суреттегі қай маман иесімен кездескісі келетінін айтады, себебін түсіндіреді, сұрақтарға жауап береді.
ә) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 2 - тапсырманы орындатамын. Досымен кездесу ұйымдастырғысы келетін маман жайлы сөйлеседі.

3. Грамматика. Жинақтық сан есімді меңгеру.

4. Мәтінмен жұмыс.
а) Тыңдалым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4 - тапсырманы орындатамын. Мәтінді рөлдерге бөліп оқытамын.
ә) Айтылым. Ойлау қабілетін жандандыру үшін 5 - тапсырманы орындатамын. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазу үшін 6 - тапсырманы орындатамын. Мақалдардағы сан есімдерге тиісті жұрнақ жалғап, көшіріп жазады.
1. Жетімнің қарны жет (і)...
2. Аларманға алт (ы)... аз,
Берерменге бес... көп.
3. Төрт... түгел болса, төбедегі келеді,
Алт (ы)... ала болса, ауыздағы кетеді.
4. Ағайын - алт(ы)..., ана - бір....

5. Мәтін соңы жұмыс.
а) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 9 - тапсырманы орындатамын. «Қоржын» ойынының шартын орындайды.
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Жеребе тастап, кездесуге шақыратын мамандарды таңдайды. Сұрақтарды пайдаланып, кездесу өткізуге дайындалады.
Мысалы: Кездесуді қалай ұйымдастырасыңдар? Кездесу ерекше болу үшін не істейсіңдер? Келген адамға қандай сыйлық ұсынасыңдар?
ә) «Сыр сандыққа» салынған сөздердің мағынасын талдайды, есте сақтайды.

6. Сергіту сәті. Әр оқушы өзі ұнататын танымал адамды кездесуге шақырады, шақыру қағазының үлгісін дайындайды.
IV. Ой толғаныс. Тақырыпқа байланысты 6 сөйлемді эссе жазады.
V. Бекіту. Оқулықтағы 7 - тапсырмадағы сөйлемдерге керекті жинақтық сан есімдерді қойып, жазады.
VI. Бағалау. Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағы беріледі. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
VII. Үйге тапсырма: Оқулықтағы 8 - тапсырманы орындау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама