Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жиренше (Екінші әңгімесі)

Бір күні хан өзінің жолдастары Жиренше бар бірге отырады екен, есіктен бір ақ сақал шал адам кіріп, ханға сәлем беріп, аман-түгел сұрасып төрге таман, анадай жерге барып отырды дейді. Сонда хан тұрып айтыпты дейді:

— А, Жиренше, шал не айтады? — депті. Сонда Жиренше тұрып айтты дейді:

— Тақсыр ханым, шал жиырма жасармын дейді. Жасы өз дегенімді жасармын деп айтады, — депті. Сонда тұрып манағы қарт айтыпты:

— Тақсыр, Жиренше өзі — ер ортасы, кісі — ер ортасы, қалайша болуға тиіс болады екен? — депті. Сонда тұрып Жиренше айтыпты:

— Ер ортасы сары майдай айрылған тортасы, — депті. Хан айтыпты:

— А, Жиренше, жас адам не дейді екен? — депті. Жиренше:

— Жастар не сұрасын, жастар ойнақтайды, анау да, мынау да барда деп айтад, — депті. Анау да, мынау да деген сөзді қазақтардың қарттары айтады, жас адамның көңілі бір жерге тоқтамайды, талабы ілгері болады, соныңмен жастар онан да, мұнан да болса екен деп көңіл бір жерге орнықпайды. Жиреншенің анау да, мынау да деген сөзі сол дейді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама