Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
К дыбысы мен әрпі
Сауат ашу
Тақырыбы: К дыбысы мен әрпі
М а қ с а т ы:
• Білімділігі: “Кк” дыбысы мен әрпін таныстыру;
• “Кк” дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасату, “К” әрпінің баспа түрінің жазу түрін үйрету, сөз құрату:
• Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу

• Дамытушылығы: Оқушылардың тілін, ой - өрісін дамыту арқылы сауат ашу пәніне қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілігі: Достыққа, сыйластыққа, көпшілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдісі: Слайд
Көрнекілік: сөзжұмбақ, Сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: Қарапайым математика, Көркем әдебиет, Тіл дамыту

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, білім аламыз.
Сауат ашу пәнінде,
Оқып, жазу жазамыз.

2. Өткен сабақты еске түсіру
3. Жаңа сабақ
Жаңа сөздермен танысу

Сандар арқылы сөз табу
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А Т К Ш Е Р Л П I М

М Е К Т Е П
10 5 3 2 5 8

К І Т А П
3 9 2 1 8

Е Ш К І
5 4 3 9

Сөздерді оқы, буынға бөл!

4. Дәптермен жұмыс

5. Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып секірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің

6. Сөзжұмбақ
Суреттердің бірінші әрпінен сөз құрау

7. ҚОРЫТЫНДЫ
Ойын: “Кім зейінді?”
Ойын шарты: көрсетілген суреттің басындағы дыбыс дауысты болса қызыл текшені, ал дауыссыз болса көк текшені көтеру.

8. Мадақтау. Қуанышты хабарлама
Құрметті ата – ана бүгінгі сауат ашу пәніне белсене қатысқаны үшін .................................. марапатталады.

Бастауыш сынып пәні мұғалімі: Жазира Нуржаппарова

Слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама