Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Калькулятор бағдарламасы
Қызылорда қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы
№10 мектеп - лицейдің информатика пәнінің мұғалімі
Малдыбаева Алтынай

Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: Оқушыларға калькулятор бағдарламасын пайдаланып, арифметикалық және алгебралық амалдарды қолданып есептер шығару.
2) тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
3) дамытушылық: Оқушыларды стандартты функциялармен калькулятор қолданбасында жұмысқа дағдыландыру, есептер шығару барысында қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, Калькулятор
Техникалық құралдар: ДК - лер, бейнепроектор, интерактивті тақта

І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Калькуляторды қалай іске қосамыз?
2. Калькулятордың неше түрі бар?
3. Блокнот бағдарламасы не үшін қолданылады?
4. Арифметикалық өрнек түрлерін ата
5. Тек қосу амалдарын пайдаланып, бес екіліктің көмегімен 28 санын, сегіз сегіздіктің көмегімен 1000 санын жазыңдар?
Жауабы: 1000=888+88+8+8+8; 28=22+2+2+2

ІІІ. Практикалық жұмыс
MC – жадты тазалау
MR – жадтағы санды енгізу өрісіне беру
M+ - жадтағы санға енгізу өрісіндегі санды қосу
MS – енгізу өрісіндегі санды жадқа енгізу

1 тапсырма. Тауардың әр түрінің құнын $ доллар курсы бойынша теңгемен есептеңдер.
Курс 1$=??? Теңге

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама