Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Каспий тілтістісі

Каспий тілтістісі — дөңгелек ауыздылар класының өкілі. Балықтәрізді жануардың ұзындығы 55  см, салмағы 200 г дейін. Ауызы түтік тәрізді, көптеген мүйізді тістері болады, оны сорғыш ретінде пайдаланады. Уақытының көбін Каспий теңізінде тұзды суында өткізеді, ал уылдырық шашу үшін Жайық өзеніне көтеріледі. Су температурасы 110°С-қа төмендегенде көбею үшін қоныс аудару басталады. Уылдырығын өзеннің таяз жерлеріне шашады. Уылдырық шашудың ауыр жолын игеру үшін, жолға шығар алдында денесінің 34% май болады. Бұрын жануарларды ұстап, кептіріп, майын жарық үшін пайдаланатын болған, қазір тамақ үшін пайдаланады.

1941 жылға дейін жылына орта есеппен 350 тонна тілтіс ауланған, содан бері саны үздіксіз кемуде. Тіршілік етуіне негізгі қаупі — Жайық өзенінде су құрылыстарын салу. Қолдан өсіруді ұйымдастырып, жас тілтістерді қорықтық режимі бар суларға жіберу керек. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама