Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
КазҰУ

Менің таңдауым әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті болды. Мен бұл университеттің механика-математика факультетіне түсу үшін ҰБТ дан 110 балл жинадым. Мен қазір математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығында оқып жатырмын. Әл-Фараби университетінің сабақ беру жүйесін ерекше бағалаймын. Өйткені сабак беру тәсілі жоғары деңгейде екенін сезіне алдым. Бұл университеттен нақты білім алуға болатынына көзім жетті. Мен үшін 1 ші семестр оңай болған жоқ, өз қиындықтары мен жеңілдіктері болды. Механика математика факультетінде оқу қиын болады деп еститінмін. Бірақ ол оқитын оқушы үшін қиын емес екен десемде болады. Университет жайлы нақты тоқталып өтсем.Оның тарихы жайлы жазайын, Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болды.

1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесінің жетекші мекемесі-өзінің 88 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бай дәстүрлер, оқу және ғылыми жұмыстағы көп жылдық тәжірибе, жоғары кәсіби педагогикалық құрам — осының бәрі университетке ондаған жылдар бойы түрлі салаларда үздік мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орнында екі мыңнан астам профессор, ғылым докторлары, кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академиктері, 30-ға жуық Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері жұмыс істейді. Мұнда жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда. Университет әлемнің жүздеген ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын іске асыру, студенттер алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша ынтымақтастық жасайды.

Айта кетейік әл- Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті қазіргі таңда әлемнің 200 мықты университеттердің қатарына кіреді.Бұл университетке түсуге кеңес беремін.

Автор:Темиров Амирхан Ералиұлы
ҚазҰУ - Механика-математика кафедрасының 1-курс бакалаврианты. Жетекші: аға оқытушы Уразгалиева Светлана Аманжоловна.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама