Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер
"Кел, балалар, оқылық!" Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларды заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
2) Дамытушылық: Оқу – жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.
3) Тәрбиелік: Оқуға, білімге жетелеу, өз мектебін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабаққа керекті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: Ы. Алтынсариннің портреті, слайдтар, мектеп суреті, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, көркем сөз
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, баяндау, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқу құрал – жабдықтарын алдыру.
Сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Өткен сабақты қайталау.
- Балалар, көңіл – күйлерің қалай?
- Бүгінгі ауа – райы сендерге ұнайды ма?
- Бүгінгі ауа – райы қандай?
- Ия, күн жарқырап шығып тұр. Жаңбыр жауатын кезде аспан қандай болады?
- Күн бұлттанып, аспанды бұлт торлайды. Балалар, біздің мектебіміздің үстін сол бұлттар торлап алыпты. Енді не істейміз?
- Сендер, біздің мектебіміздің бұлт торлағанын қалайсыңдар ма?
- Онда, мына тапсырмаларды орындасақ, бұлт тарап, күн бізге күлімдеп шығады.
- 1 – тапсырма: Кім? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
- 2 – тапсырма: Не? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
- 3 – тапсырма: Кімдер? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
- 4 – тапсырма: Нелер? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
- 5 – тапсырма: Не істеді? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.

- Әр дұрыс жауап үшін мектептің бір бөлігі тақтаға ілініп отырады. Бұлт ашылып, күн шықты. Күннің суретін жабыстыру.

- Ал енді мектебімізді гүлдендірейік. Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
- Ағаштың, гүлдің артына жазылған тапсырмаларды оқып, орындап, мектепке ілінеді.
Тапсырмалар:
- Заттың қимылын білдіретін сөздер жаз.
- Айнұр не істеді?
- Марат не істеді?
- Көбелек не істеді?
- Аю не істеді?
- Құстар не істеді?

- Балалар, сендер мектепке келгенде ең бірінші не байқадыңдар?
Тақтаға, «Кел, балалар, оқылық!» деген сөз жазылған қағаз ілінеді.
- Бұл сөз не үшін жазылған деп ойлайсыңдар?
- Бізді оқуға, білімге шақырған.
- Ыбырай Алтынсарин туралы өткенбіз, ия? Ол Кім?
- Ақын, жазушы, ең алғаш мектеп ашқан, мұғалім. Ол Қостанай қаласының, Қостанай облысында дүниеге келген. Бүгін Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен танысамыз.

Сергіту сәті:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуана бер. Достарым,
Арайлап атқан күнге.

Кітаптан тыс тапсырма:
- Балалар, заттың атын білдіретін сөздердің ережесін кім айтып жібереді?
- Енді заттың қимылын білдіретін сөздердің ережесін кім айтады?
№3. Ана тілі жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізу.

Сабақты қорытындылау.
- Мектепте оқушы не істейді?
- Жазады, оқиды, жүгіреді, сурет салады т. б.
- Осы сөздердің барлығы нені білдіреді?
- Заттың қимылын білдіреді.
- Қандай сұрақтар қоямыз?

Үйге тапсырма беру кезеңі:
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жаттап келу.

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы,
Әйтеке би кенті, Ж. Баһадүр ауылы, №103 мектеп
Бастауыш мұғалімі: Кушикбаева Динара Косыбаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама