Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік.
Кәмпит: (ортаға билеп шығады)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жаңа - жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме.
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
Балалар, мен Аяз - атаның сендерге әкеле жатқан сыйлықтар салынған қабынан түсіп қалдым. Ал аяз – ата сендерге әлі келген жоқ па?
Кәмпит: Балалар, жылда жаңа жыл мерекесінде қонаққа кімдер келеді?
Балалар: Аяз - ата, Ақшақар.
Кәмпит: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше алдымен жаңа - жыл мерекесіне келетін Ақшақарды бәріміз шақырайық.
Балалар: Ақшақар (3 рет қайталап айтады).
Кәмпит: Амансың ба, Ақшақар!
Ақшақар: Шыршаларың керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ шамдары сөніп тұр ғой. Кәне, бәріміз шыршаға үрлейік. Қаттырақ.
Жүргізуші: Аяз - Атасыз біз ештеңе істей алмаймыз, кәне, телефон соғып аяз атаны шақырайық, атамыз кәрі, мүмкін, ұмытып кеткен шығар. –
- Алло, ата «Балдырған» мен «Бүлдіршін» тобының балалары шыршаның қасында сізді тосып жүр, неге кешігіп жатырсыз? Ұмытып кеттіңіз бе?
Аяз - Ата: Ойбай, кәрілік қой, ұмытып кетіппін, қазір жетемін.
Жүргізуші: - Балалар, Аяз - Ата келгенше, біз бір өлең айтайық.
«Шырша» әні.
Жүргізуші: - Балалар, Аяз – Ата өзі қандай?
Балалар: Аппақ сақалы, мұрты бар, қызыл шапаны бар, ақ таяқпен жүреді.
Жүргізуші: Өте дұрыс, балалар, олай болса барлығымыз қатты дауыстап Аяз - Атаны шақырайық. Бір, екі, үш: Аяз - Ата (3 рет қайталайды).
Жүргізуші: Аяз - Ата, армысыз, жылдағыдай бармысыз!
Аяз - Ата: шырша неге жанбай тұр. Кәне, шамдарын жағайық.
Қоян кіріп келеді. Жылайды.
Ақшақар: Қоян, сен неге көңілсізсің? Не болып қалды, біз саған көмектесеміз.
Қоян: Орман ішінде өзіме үй салып, тұрып жатқанмын. Қу түлкі қонаққа келіп, мені үйімнен қуып шықты. Мен далада қалдым.
Жүргізуші: Не деген сұм түлкі, қоян, жылама, біз түлкіні қуып шығып, үйіңді алып береміз.
Қоян: Мен түлкіден қорқамын. Оның тістері қандай, көздері қандай! Мінезі жаман!
Жүргізуші: Сен қорықпа, біз сенің бауырларыңды көмекке шақырайық. Олар сылдырмақпен билейді, оны түлкі естіп, қорқып, қашып кетеді.
- Кәне, қуыршақтар, шығыңдар!
Сылдырмақтарды ойнатыңдар!
Биді бастаңдар, түлкі қорқып қашсын.
«Сылдырмақтар» биі.
Түлкі: Мен ешкімнен қорықпаймын.
Жүргізуші: Аяз - Ата, мына, түлкіге не істеуге болады?
Аяз - Ата: Қазір мен ормандағы барлық аңдарды көмекке шақырамын, түлкі олардан қорқып қашып кетер.
Жүргізуші: Ал, аңдар, келіңдер, көмектесіңдер.
«Аңдар» биі.
Түлкі: Мен үйден шықпаймын,
Мен ешкімнен қорықпаймын.
Жүргізуші: Онда қарақшыларды шақырып, түлкіні байлап тастайық.
«Қарақшылар» биі.
Түлкі: Мен үйден шықпаймын,
Мен ешкімнен қорықпаймын.

Аяз - Ата: Қазір мен саған көрсетейін!
Кәне, борандар соғыңдар!
Шыршалар төмен бүгілсін,
Ормандағы бар нәрсе,
Ақ қарменен жабылсын!
Қазір мен қар жауғызып, түлкіні үсітемін.

«Ұлпақарлар» биі.
Аяз - Ата түлкі үйіне үрлейді, қармен бірге.
Түлкі: Ойбай, Аяз - Ата, тұмсығымды үсіттің ғой, аясаңшы мені. Енді не болдым?
Аяз - Ата: Ал сен қоянды аядың ба, қу түлкі? Балалар, түлкіні кешірейік пе?
Балалар: Ия, бір жолға кешірейік.
Аяз - Ата: Олай болса, қоян, бар сен өз үйіңе барып, тұра бер.
Қоян: рахмет.
Аяз - Ата: Балалар, мен сендердің дауыстарыңды сағындым, кәне, маған бір жақсы ән айтып беріңдерші.
«Бала тілегі» әні.
Аяз - Ата: Ой, қандай керемет ән! Бір түрлі қобалжып кеттім.
Жүргізуші: Аяз - Ата, біздің бүлдіршіндеріміз әнмен қоса тақпақты да жақсы айтады. Кәне, тыңдаңызшы. Ал, сіз кәрісіз, шыршаның түбіне отырып тыңдаңыз.
Аяз - Ата: Ой, қандай өнері балалар, келіңдер, сендерге кәмпит берейін.
Жүргізуші: Аяз - Ата, біздің Сырым баламыз да сізді асыға күтіп жүр.
Аяз - Ата: қандай өнерлі балалар, мен бүгін біраз жасарып қалдым. Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.
Кел, Жаңа жыл! мерекелік ертеңгілік жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама