Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Келді міне, Жаңа Жыл
Тақырыбы: «Келді міне, Жаңа Жыл»
Барысы:
Музыка әуенімен залға балалар кіреді.
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, қонақтар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арнап «Аққу» тобының бүлдіршіндерінің әзірлеген «Келді міне, Жаңа Жыл» атты ертеңгілігін қабыл алыңыздар.

Шырша артынан секіріп қоян шығады.
Қоян:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз

Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Аю: сәлеметсің бе қоян! Той алдында ұйқымды ашып, сергіп келдім. Мен бүгін ұйықтамаймын жаңа жылды қарсы аламын.
Екеуі қол ұстаса билеп жүрген кезде алдынан түлкі шығады.
Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: түлкі кел мұнда
Сол сәтте қасқыр шыға келеді.
Қасқыр: Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Қане құшақ ашайық, достық тойын жасайық
Бәpi: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Жаңа жылдық хор
Би: шығыс биі

Жүргізуші: Балалар, мен қардың дыбысын естіп тұрмын. (Аққала демін тоқтата алмай жүгіріп келеді. Қолында хаты бар, залға кіре құлайды)
Сәлеметсің бе, Аққала! Сіз бір жеріңізді ауыртып алған жоқсыз ба?
Аққала: жоқ өтірік құладым. Балаларды күлдірейін деп. Мен сендерге хат әкелдім.
Жүргізуші: хат кімнен екен?
Аққала: ойлап табыңдар балалар. Бізге Жаңа Жылда кім көп сыйлық береді?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар
Аққала: өздерің қандай тапқырсыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз жолда келе жатырмыз. Қазір сендердің Жаңа жылдық тойларыңда боламыз.
Балалар: алақай Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр
Ендеше бізге осындай қуанышты хабар алып келген аққалаға рахметімізді айтып тақпақ айтып береміз бе?
Балалар: ия
Балалардың тақпақтары

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
№5 "Балғын" балабақша тәрбиешісі
Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама