Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Керқұла атты Кендебай ертегісі
Тақырыбы: Керқұла атты Кендебай ертегісі. 5 сынып
Сабақтың мақсаты: а) ертегі мазмұнын түсіндіру, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуді үйрету, Кендебай бойындағы адами қасиеттердің нақтылап ашу;
ә) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жоспар құру дағдыларын, өзіндік пікір айту, ауызекі сөйлесу тілі мәдениетін дамыту;
б) Кендебай мінезін ашу арқылы адамгершілікке, қамқор да мейірімді, адал да қарапайым болуға, айналасындағы адамдарға қол ұшын бере білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: сұрақ – жауап, ой қозғау, шығармашылық қабілеттерін арттыру жұмыстары.
Көрнекілігі: үлестірмелі қималар, мақал – мәтелдер сәйкестіру плакаты.

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды және кабинетті дайындау. Оқушыларды түгендеп, журнал толтыру.
ІІ. Мақсат қою кезеңі. Балалар, үйге «Керқұла атты Кендебай» ертегісін мұқият оқу тапсырылған болатын. Ендеше, бүгінгі біздің мақсатымыз – ертегі мазмұнын толық меңгеру, талдау. Кендебай бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі алу және шығармашылық қабілеттерімізді барынша көрсете білу.
Тақырыбымыздың негізгі кейіпкері – Кендебайдың мінез - құлқына сәйкес сабағымыздың эпиграфы етіп «Адам да жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды» деген нақыл сөзді алғанды жөн көрдім.
- Кендебай ең алдымен қандай адам? (Батыр).
- Ертедегі Кендебай сынды батырдың адал серігі – Керқұла деген ат. Осы батырлардың серігі – ат туралы жалпы жылқы туралы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің қандай туындыларды білесіңдер?
- Кер және құла сөздеріне анықтама беріледі.
- Кер – құла мен торының, құла – сарымен жиреннің аралас түсі.

ІІІ. Материалды түсіндіру кезеңі. – Қазір «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің мазмұны бойынша жұмыс жүргізейік. Қате орналасқан жоспар атауларын ретімен орналастыр:
1. Кендебай мен жетім бала.
2. Керқұланың тағдыры.
3. Кендебайдың дүниеге келуі.
4. Хан бұйрығы.
5. Баланың ата - анасымен қауышуы.
6. Кендебайдың бұйрықты орындауы.
7. Кендебайдың аралға баруы.
8. Кендебайдың биені күзетуі.
9. Кендебай мен ханның бір - біріне қойған шарттары.
10. Керқұла атты Кендебай батырдың елі.
Мақалдарды мазмұн жоспарына сәйкестендір.
1. Кендебайдың дүниеге келуі.
Батыр туса – ел ырысы.
2. Керқұланың тағдыры.
Қасқырдың ойлағаны – арамдық.
3. Кендебай мен жетім бала.
Қаралы көңіл жаралы.
4. Кендебайдың аралға баруы.
Жол мұраты – жету.
5. Кендебайдың биені күзетуі.
Өзі аққа құдай жақ.
6. Хан бұйрығы.
Есірген хан елді ермек етер.
7. Кендебайдың бұйрықты орындауы.
Қаһарлы қамал бұзады
8. Кендебай мен ханның бір - біріне қойған шарттары.
Құдаңның тайын алғың келсе, құлынды биесін сұра.
9. Баланың ата - анасымен қауышуы.
Ата - асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.
10. Керқұла атты Кендебай батырдың елі.
Іздеген мұратына жетеді.

Сөздік жұмыс.
1. Алты айдың ішінде алты кез болды (Кез – 71 см - ге тең ұзындық өлшемі).
2. Ернім жалақ, басым таз болды (Жалақ ерін жел қақты боп кеберсіген жара).
3. Құндыз жүнді арғымақ құлын туады (Құндыз – салмағы 10 кг - дай өзен - көлде тіршілік ететін терісі бағалы аң).
4. Зынданның аузы құлыптауы. (Зындан – тұтқынға түскен адамдарды жазалау үшін жер астынан қазылған терең ор, апан).
5. Батпан – салмақ өлшемі. Бір батпанда 200 - 300 грамм ауырлық бар.

IV. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру.
А) – Балалар, енді Кендебай батырдың бойынан қандай қасиеттер көргендігімізді топтастырайық.
Ә) Оқулықпен жұмыс.
Қайырымдылығы: жылағанды жұбатыпты, қысылғанға жәрдем беріпті.
Қамқорлығы: Қарасудың бойындағы жыртық үйлі кеделерді аң аулап асырауы.
Жанашырлығы: жетім баланы жұбатып, әке - шешесін тауып беруге уәде беруі.
Кішіпейіл: хан қызының ақылын тыңдап, «Айрылғырдың суы айырыл!» деуі.
Адалдығы: жұлынып қалған қолындағы құлынның алтын құйрығын ханға табыс етуі.
Шыдамдылығы: шаршаса да түн бойы көз ілмей құлынды күзеткендігі.
Ақылдығы: ханға келген шаруасын, өзінің қарапайым адам екендігін айтуы, баланың әке - шешесін босатуға рұқсат сұрағандығында.
Керқұла атты Кендебай ертегісі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама