Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Кестеден тыс қосу және азайту
Математика 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Кестеден тыс қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
1. Ауызша қосу, азайту тәсілдерін пысықтау.
2. Өзіндік жұмыс жасау, топтық бірлесіп түсіну, арқылы ойлауды дамыту.
3. Білім, білік, дағдыны, белсенділікті қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, парақшалар, дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмалар
Сабақта қолданылатын әдістер: Топтық жұмыс. СТО стратегиясы.
Сабақтың түрі: Жинақтау сабағы

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
1) Математикалық диктант.
Оқушылар тек жауабын жазады, кейін нәтижесін салыстырады, қателерді үстінен 1 рет сызып, жазады.
• 60 пен 34 сандарының қосындысы неге тең?
• 88 бен 44 сандарының айырмасын тап.
• 50 санына 34 пен 4 сандарының айырмасын қос.
• 35 санынан 12 мен 3 сандарының қосындысын кеміт.
• 35см-ге 3дм 3см-ді қос.
• 60 саны шығу үшін 56 санына нешені қосу керек?
• 70 саны шығу үшін 56 санына нешені қосу керек?
• 100 саны шығу үшін 97-ге нешені қосу керек?
• 90 саны шығу үшін 100-ден нешені азайту керек?
• 85 саны шығу үшін 100-ден нешені азайту керек?
2) «Кім тапқыр?» ойыны.

ІІ. Мағынаны таныту.
Үш топқа бөлініп беріледі.
Баған түрінде есептеп, дұрыстығын тексереді.
1 – топ.
90- 58 =32
25 + 58 =80
95см – 43см =52см

2- топ.
57 + 13 = 70
42 + 28 = 70
55см - 41см = 14см

3 – топ.
56 - 36 =20
100 – 65 =35
79 - 56 = 23

Оқушылар жауабын ауызша айтады.
Шығармашылық жұмыс.
Салыстыр. Не байқадың?
Алдымен оқулықтан берілген есептердің қысқаша шартын салыстырады. Бұлардың бір – біріне кері есеп екені анықталады. (Содан соң барлық есепте баланың саны бірдей екеніне көз жеткізеді. Ал сандық мәндері әртүрлі болуы мүмкіндігін ескертемін, 100 болуы үшін қандай да 3 сан қосындысын еске түсіреді).

Сергіту сәті
Тапсырма. Әр топқа бөлініп беріледі. Нәтижесін тақтада тексеру.

1 – топ
4 + 57 * 57 – 4
13 + 8 * 8 + 15
95 – 65 * 90 – 65

2 – топ
55 + 45 * 45 + 55
77 – 14 * 87 – 14
80 + 2 * 20 + 8

3- топ
80 – 20 * 80 – 23
24 – 8 * 20 – 8
80 – 55 * 86 – 55

«Кім жылдам?» ойыны (тақтада орындалады, оқушылар алдымен есеп құрастырады, шешуін тақтада көрсетеді)
Зат атауы. Бағасы. Сенде болғаны. Қалды
................ 37 теңге 50 теңге ............? теңге
................ 54 теңге 100 теңге ...........? теңге
................ 46 теңге 50 теңге ............? теңге

7. Өзіндік жұмыс. Нұсқа бойынша бөлініп беріледі.
І нұсқа
100 – (17 + 33)
34 + 18 + 16 + 2
(25 + 35) – 32

ІІ нұсқа
78 – (14 + 28)
(77 + 14) – 67
11 + 5 + 45 + 19

Үйге: № - 4 тапсырма түсіндіріледі
Қорытынды
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама