Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кезектес салалас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру, кезектес салаластың құрамына енген жай сөйлемдердегі іс - әрекеттің кезектесіп келетіндігін, тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатындығын меңгерту;
ә) дамытушылық: оқушылардың білім - білік, талдау, салыстыру дағдыларын арттыру, өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру; түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу;
б) тәрбиелік: ана тілін сүюге, туған елін, жерін, тарихын құрметтеуге баулу, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірме, жазба жұмыс, сатылай кешенді талдау, тест сұрақтары.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сызба - кесте, таратпа материалдар
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. 1. «Қайталау - оқу анасы».
Үй тапсырмасын тексеру. 114 - жаттығу. Салалас құрмалас сөйлем түрлерін еске түсіру.
2.«Оқу инемен құдық қазғандай». Жаңа тақырып түсіндіру. Кезектес салалас құрмалас сөйлем 3.«Білім нәрі - кітапта». 115 - жаттығу/ауызша/ «Өзіндік ізденіс - білім негізі» 116 - жаттығу /жазбаша/
4.«Талдау - табыс кілті»/Берілген сөйлемдерге сатылай кешенді синтаксистік талдау/. 5.«Біліміңді байқап көр» /Сөйлемдердің сыңарын тап /. 6.«Қазақстан - мәңгілік ел» ойтолғау. 7.«Ізденген жетер мұратқа» /Сабақты бекіту. Тест сұрақтары / 8. Үй тапсырмасы 118 - жаттығу. 9.«Жақсы білім іздеуден жалықпалық» Оқушы білімін бағалау.

1. Ұйымдастыру кезеңі 2. «Қайталау - оқу анасы». Үй тапсырмасын тексеру. 114 - жаттығу Салалас құрмалас түрлерін еске түсіру 3. «Оқу инемен құдық қазғандай». Жаңа сабақ түсіндіру. Кезектес салалас құрмалас сөйлем

ШҚО, Аягөз ауданы,
«Горный жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алшынбекова Н. Ж.

Кезектес салалас құрмалас сөйлем. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама