Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Кім болғым келеді?
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы,
Майшұқыр негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Туребекова Айгерім Маратқызы

Әдебиеттік оқу 2 сынып

Тақырыбы: Мұхтар Құрманалин «Кім болғым келеді?»
Сілтеме: жоспар, презентация.
Мақсаты: Өлеңнің мазмұнын ашады, қорытынды жасайды және белгілі адамдарға еліктеп мамандық таңдауға үйренеді.
Күтілетін нәтиже: өлеңнің мазмұнын ашып, қорытынды жасап және белгілі адамдарға еліктеп мамандық таңдайды.
Сабақтың әдісі: көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ - ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; «Ақылдың алты қалпағы».
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, музыка, дүниетану, дене шынықтыру, бейнелеу Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, сызғыш суреттері
Дереккөз: оқулық, оқыту әдістемесі, ресурстар
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті
Тренинг
оқушыларды фигура бойынша топқа бөлу. Әр топтан бір оқушы әділ қазы алқасы болады ал қалғандары кастингке қатысады. Бірақ кастинг ережелері оқушыларға айтылмайды. Кастинг аяқталған соң ережелерді әділ қазы алқалары өздері құрайды. Оқушылардың туған айларына байланысты топқа бөлу.
Блум таксономиясына негізделген сабақ.
6 түрлі қалпақ 6 түрлі тапсырма әкелді.
– білу
- түсіну
- қолдану
- талдау
- жинақтау
- бағалау «Қызыл қалпақ» Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға автор жайлы презентация көрсету.

«Сары қалпақ»
Өлеңді мәнерлеп оқып, сұрақтар қояды

«Қара қалпақ»
Кеспе қағазбен жұмыс
Өз мамандығын таңдап, сүйіп істейтін әр мамандық иесінің бойында жақсы ізгі қасиеттер болу керек.
1. Тігінші болу үшін: шыдамдылық.... 2. Құрылысшы болу үшін: күш - қуат... 3. Шахтер болу үшін: жігерлілік... 4. Мұғалім болу үшін: ұстамдылық... 5. Диқаншы болу үшін: еңбекқорлық...
«Жасыл қалпақ» - талдау
Шығармашылық жұмыс. Топтарға бөліп тапсырмалар таратып береді. 1 - т: эссе жазу; 2 - т: өлең шығару.
Дәптермен жұмыс
Мына мамандық иелерінен есімі белгілі кімдерді білесің? Ғарышкер:
Ұстаз:
Ғалым:
«Ақ қалпақ»- жинақтау
Пікір талас. Сабақты пікір талас түрінде жинақтау. Ол үшін екі топқа мынадай тақырыптар беру. 1 - т: Дәрігер болуды қалайтындар
2 - т: Дәрігер болуды қаламайтындар
Ортақ: Қазіргі заманда қажет мамандықтар
«Көк қалпақ»
Тақырыпқа байланысты ән айту.
Үй тапсырмасын тексеру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама