Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Кім жылдам? танымдық-топтық сайысы
Сыныптары: 6 а, ә, б, в
Сайыстың мақсаты: Қазақстан тарихы пәні бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру. Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.
Сайыстың ұраны: Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады
Халық мақалы
Көрнекіліктері: Слайдтар, Қ. Р. картасы, кескін карта
Пәнаралық байланыс: География, қазақ тілі, спорт
Сайыстың жүру барысы:
Пән мұғалімі М. Молдабаева сайыстың мақсатымен және сайыс шарттарымен қатысушы сайыскерлерге таныстырып өтеді.

І. «Әріптер сөйлейді»
ІІ. «Жылдам болсаң тауып көр». Картадан табу.
ІІІ. «Ежелгі Қазақстан»
ІҮ. «Менің көзіммен». Таңдаған тақырыбын қорғап шығуы керек.

Бірінші бөлім. « Әріптер сөйлейді»
А) Заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым? (Археология)
Ә) Абылай ханның шын есімі? (Әбілмансұр)
Б) Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал? (Бифас)
В) Туларды зерттейтін ғылым қалай деп аталады? (Виксикология)
Г) 1992 ж желтоқсан айында Қ. Р-ның қандай рәмізі қабылданды? (Гимні)
Ғ) Жалбарыну, сиыну, құдайға құлшылық ететін орын? (Ғибадатхана)
Д) Б. з. б. 2, 6 млн - 800 мың жылдар қалай аталады? (Олдувэй кезеңі)
Е) Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар? (Меркурий)
Ё) Алғашқы қазақ ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
Ж) Біздің Галактикамыз қалай аталады? (Құсжолы)
З) Сиырдың пірі? (Зеңгі баба)
И) Мұсылманның бес парызының бірі? (Иман)
Й) Жердің табиғи серігі? (Ай)
К) Көкжиектің тұстарын анықтайтын құрал? (Компас)
Қ) Қазақстанның ең төменгі жері? (Қарақия ойысы)
Л) Жердің тас қабығы? (Литосфера)
М) Екі полюсті қосатын сызықтар қалай аталады? (Меридиан)
Н) Солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс көкжиектің қандай тұстары? (Негізгі)
Ң) 32 есе үлкейтіп көрсететін телескопты ойлап тапқан кім? (Галилео Галилей)
О) Планетаның Күн төңірегіндегі жолы? (Орбита)
Ө) Жеті жұттың бірі? (Өрт)
П) Жоғарғы заң шығарушы орган? (Парламент)
Р) Сырдария мен Амудария қайда құяды? (Арал теңізіне)
С) Темірқазық жұлдызының бағыты? (Солтүстік)
Т) Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел? (Түркия)
У) Жетінші ғаламшар? (Уран)
Ұ) Қасиетті төрт кітаптың бірі? (Құран)
Ү) Масштабтың неше түрі бар? (3)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама