- 25 сәу. 2018 00:00
- 259
Кітап неге оқылмайды?
Наданмен қас болғанша, Кітаппен дос бол
Бауст
Қазіргі таңда кеңес елі кезіндегідей емес кітап оқитын адам саны аз. Сондықтан да моральдық жағынан ол қоғам әлде қайда жоғары болған шығар. Дегенмен ол кезде тек оқуға болатын, қатал цензурадан өткен кітаптарды ғана оқуға болды. Сол себепті адамдар санасы ой еркіндігіне жете алмады. Яғни көп оқитын ел болғанымен таңдау құқығының шектеулілігінен өкінішке орай адамдар кітап оқудан пайданы ала алмады.
Ал қазір.... кітаптың небір түрі бар: қазақша, орысша, ағылшынша. Кітап сөрелері толып тұр. Бірақ кітаптардың сыртқы мұқабасының жылтырлығы мен атына көп мән берілетіндей. Түк мән-мағынасы жоқ, сырты бүтін, іші түтін «гламур» жылтырауық журналдардан енді кітаптарға да көшкен бе? Ең маңыздысы кітаптың ішкі мазмұны емес пе?!
Кітап оқитын жастар жоқ емес,бірақ олар ішкі мазмұны емес сыртқы жылтырауығына қарап оқима деимін.
Жақсы кітап оқу — ақылды адаммен сырласқанмен бірдей.
Л.Н. Толстой
"Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін" деген екен Н. И. Пирогов. Иә, адамның қандай екенін оқыған кітаптары арқылы да айтып беруге болады. Өйткені, сенің оқыған кітабың - сенің ойың...
Кітап тек досың ғана емес, ұстазың …ақылшың.
Қазіргі кезде том-том кітап құшақтап, кітапханаға жиі баратын адамдарды сирек кездестіретін болдық. Мерекелерде адамдар бір-біріне кітап сыйламайды. Соның салдарынан жастар еркін ойлауға, ауызекі тілде көркем сөйлеуге қабілетсіздік таныта бастағандай. Өкінішке қарай, кітапқа деген адамдардың өз бетімен қызығушылығы азайып барады. Оның себебі ғаламтор, компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Қазіргі жастар кітап оқудың орнына теледидарға үйірсек.
Қазіргі таңдағы ғаламтор, компьютер,теледидарлар кітап оқуға үлкен кедергі келтіреді
Қазақтың бай тілі – бар қазынасы көркем әдебиетінде. Әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен сол ұлттың өзіне керек. Қазіргі біздің қоғамымыздың алдында жас ұрпағымызды кітапқа, нақтырақ айтсақ қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу деген міндетіміз бар. Осыны естен шығармағанымыз абзал.
Амангүл Зияқажықызы