Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Кітап - тарих, шежіре! 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
Кітап - тарих, шежіре! 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
Сабақтың мақсаты: Көпшіліктің назарын оқуға, кітапқа аудару, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру
Көрнекілік: «Кітап - тарих, шежіре!» - плакат, «Кітап патшалығы» - суретті - кітапты көрме, кітап туралы нақыл сөздер
Кітапханашы: Құрметті қауым! 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне арналған «Кітап - тарих, шежіре!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Қуан кітап, қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
Той басталды, халайық,
Үміт отын жағайық.
Кітап күнін ұлықтап,
Биден шашу шашайық!

«Әке толғауы» биі орындалады. (Өтебаева А., Оспанова А.)

Жүргізуші: Кітап – нәзік те, тұнық әлем! «Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған» - деп, ұлы ғұлама айтқандай, адамзат тарихының өзі – кітап.

1 - оқушы: Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы! Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы.
2 - оқушы: Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.
3 - оқушы: Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ кітап бар білімнің, бар ғылымның бастауы. Кітап барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.
4 - оқушы: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев өз бетінше ізденудің, кітапты көп оқудың арқасында шығармашылығын жетілдірді, әрі бірнеше тілді меңгерді, ойшылдардың еңбегімен танысты.

5 - оқушы: Кітап – ең сабырлы ұстаз, үндемес серік. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара - жігін айнытпай танытып білуге үйретеді.

Арнау
Бастайыншы сөзімді «биссмилла» деп,
Ассалаумағалейкум, жиылған лек!
Еліміз кітап күнін тойлар жатыр,
Ұрандап «Оқитын ел – озық ел!» деп.
Болғанда қыспағы мол заман – нарық,
Озық болу жарасар топты жарып.
Алып шығар нарықтан білім ғана,
Оқығанның қашанда алды жарық.
Сондықтан бүгінгі іс – келелі іс,
Ізгілікті іс қашанда берер ырыс.
Кітап күні тойланып жылдын-жылға,

Бүгінгі жыл келер жылға болсын жұғыс.
Кең, қазынаң кітап қой нәр беретін,
Жайнатып өміріңе сән беретін.
Жер бетінде ешқандай ғажайып жоқ,
Халайық, дәл кітапқа тең келетін.
Кітап – сәуле, нұр берер шығарыңыз,
Сарқылмайтын білім мен бұлағыңыз.
Кітап – білім қаруың болса, анық –
50 елдің алдына шығарыңыз.
Шарамыз игілігін ала келсін,
Ұлтыма білім, байлық, сана берсін.
Рухымыз асқақ боп әрқашанда
Халқымыздың бақыты жана берсін!
Қазақстан оқитын елге айналсын,
Жастарымыз білімді ерге айналсын.
Жаңа әлемде жаңа елдің жастарындай,
Асқақ болып рухы, нұр жайнасын.
(Сағындықов Т) Өлең: Ертегі әлемінде.

Жүргізуші:
Уа, жиылған халайық!
Түгел бері қарайық,
Сөзінің бар киесі,
Рухани әлем иесі,
Кітап Ханшайымына
Баршамыз назар салайық.
Ести алмай лебізін
Әсте өкініп қалмайық.
Ортаға кітап киіміндегі Ханшайым шығады.

Кітап Ханшайымы:
Мен – Кітап Ханшайымымын,
Иесі рухани әлемнің.
Әкелдім кітап патшалығының
Бәріңе жалынды сәлемін!
Мен – білімнің түпсізі, аспанымын,
Мен – ғылымның тұңғиық бастауымын,
Рухани нәр берер бұлақпын мен,
Меніменен байиды бар танымың.
Мен – рухани әлеммін, кітап атым,
Баға жетпес байлықпын, асыл затым,
Мені көктен түсірді жаратқаным
Шын қажеті болған соң адамзаттың.
Мен – кітаппын, білімнің бұлағымын,
Жауабымын сауал мен сұрағыңның,
Ақылшыңмын, ұстазбын, ғажайыппын
Бағдаршаммын, адаспас шырағыңмын.

Жүргізуші: Бұдан 41 жыл бұрын, яғни 1972 жыл – ЮНЕСКО - ның шешімімен «Халықаралық кітап жылы» деп аталса, 1995 жылы 23 сәуір - «Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Міне, содан бері бұл күн Ресейде, Германияда, Америкада, т. б шетелдерде өте жоғары деңгейде аталып өтілуде. Астанада «Оқитын қоғам – бәсекеге қабілеттілік тірегі» атты халықаралық конгресс өткізілді. Кітаппен жақын болғанның қашанда жолы – даңғыл.

Кітап - тарих, шежіре! 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама