Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Көбейту амалы бар теңдеулерді шешу
Математика
Тақырыбы: Көбейту амалы бар теңдеулерді шешу

Мақсаты:
Білімділік: Көбейту амалы бар теңдеулерді шешуге үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білімдерін арттыру, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.
Күтілетін болжам: Көбейту амалы бар теңдеулерді шеше білуді меңгереді.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік
1. Сәлемдесу, түгендеу.
2. Оқушылардың құрал – жабдықтарын алдырту.
3. Сабаққа назар аударту.
Психологиялық дайындық:
Күндей, нұрланып,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен.
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6 талдау. Қалып қойған сандарды тап:
86+48+75=209
69 -(95+76)=102
800 -(66+26)=708
245+126+39=410

№8 талдау.
78+х=120 - 10 ------------ x - 56=240+36
78+х=110 ------------------ x - 56=276
x=110 - 78 ----------------- x=276+56
x=32 ------------------------- x=332
78+32=120 - 10 ----------- 332 - 56=240+36
110=110 -------------------- 276=276
№10. 3 себетке жемістер тең бөлініп салынды. Әрбір себетке неше жемістен салынды?
1. 2 ∙ 3 =6
2. 5 ∙ 3 =15
3. 6 ∙ 3 =18
ІІІ. Өткен материалды пысықтау: Ауызша жұмыс. 1. Кестені толтырыңдар.
..................................

Ү. Жаңа сабақ: № 1. Теңдеулерді шеш.
Үлгі бойынша түсіндіру.
х ∙2 = 4 -------------------- х ∙ 2 = 12 ----------------- 8 ∙ х = 16 -
х = 4: 2 -------------------- x= 12: 2 ------------------- x=16: 8
х = 2 ----------------------- x= 6 ------------------------ x=2
2 ∙ 2 = 4 ------------------- 6 ∙2 =12 ------------------ 8 ∙ 2=16
4=4 ------------------------- 12=12 -------------------- 16=16

№ 2. Түсіндіріп шығару.
x ∙ 2 =6 ---------------- 2 ∙ x =6
x=6: 2 ------------------ x=6: 2
x=3 --------------------- x=3
3 ∙ 2=6 ----------------- 2 ∙ 3=6
6=6 --------------------- 6=6
Неге х ∙ 2 = 6; 2 ∙ х = 6 теңдеулерінің шешімі бірдей болатынын түсіндір.

№ 3 Кестені толтыр
Көбейткіш 5 6 2 5 2
Көбейткіш 3 2 8 4 9
Көбейтіндінің мәні 15 12 16 20 18

№4. Тура теңсіздіктер құр.
60 + 30 > 95 - 40 95 – 40 95 - 30 30 + 40 > 95 – 60

№5 Өрнектерді пайдаланып тура теңдік құр.
180+220 = 1000 - 600
248+402 = 976 - 326

Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
№ 6. Есеп шығару.
Асханаға 70 кг қант әкелінді. Үш күнге күн сайын 4 килограммнан қант жұмсалды. Асханада неше килограмм қант қалды?
Шарты:
Әкелінді - 70кг қант
1 күні жұмсалды - 4 кг
2 күні жұмсалды – 4 кг
3 күні жұмсалды – 4 кг
Қалды -?
Шешуі: 70 -(4 ∙ 3)=58
Жауабы: 58 кг қант қалды.

№ 7. Есеп шығару.
Дүкенде 45 пакет алхоры шырыны болды. Бұл банан шырынына қарағанда 23 пакетке кем, апельсин шырыны банан шырынына қарағанда 38 пакет артық болды. Дүкенде неше пакет апельсин қалды?
Алхоры - 45п, 23 кем
Банан -?
Апельсин -? 38 артық
Шешуі: (45+23)+38=106
Жауабы: 106 апельсин шырыны

№9. Ауызша жұмыс.
Гүлшоғындағы екі гүлден басқасы – түймедағы, екі гүлден басқасы - көктікен және екі гүлден басқасы – інжугүл. Гүлшоғында неше гүл бар?
ҮІ. Сабақты бекіту:
Жасырынған сандарды тап.
.................
ҮІI. Сабақты қорыту: Балалар, бүгін біз қандай тақырыпты өттік?
Нені үйрендік?

Теңдеуді шешу.
x ∙ 9=18 --------------- 2 ∙ x =8
x=18: 9 ---------------- x=8: 2
x=2 --------------------- x=4
2 ∙ 9=18 --------------- 2 ∙ 4=8
18=18 ------------------ 8=8

YIII. Үйге тапсырма:
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама