Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Көбейту және бөлу. Амалдардың мән мағынасы
Сеилхан Таңшолпан
Математик 2 сынып
Оқу ісінің меңгерушісі:
Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу. Амалдардың мән мағынасы
Мақсаты: Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балаларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа, қазақтың салт - дәстүрлерін құрметтеуге үйрету, Отанға, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздену, кіріктіру, топтық жұмыс.
Құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, ұлттық ойындар, дидактикалық үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану, ағылшын

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басты иіп бәріміз
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз
Миымызға тоқимыз
- Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!
Топқа бөлу (берілген өрнек мәнін табу арқылы)
1 - топ 12 2*6
2 - топ 14 7*2
3 - топ 10 5*2
Үй тапсырмасы қорытылады.«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ - жауап ұйымдастырылады. «Сен маған, мен саған» әдісі бойынша. «Келісемін, келіспеймін» сөздерін пайдаланады.
1 тапсырма. Жеке жұмыс. Тақтаға орындалады.
3х2 =6
5х4= 20
8х3=24
10: 5= 2
18: 9= 2
15: 3=5

Жана сабақ
2+2+2=6 Екі - екіден үш рет алғанда 6 шығады. 2*3= 6 Екіні үшке көбейткенде алты шығады. «*» - көбейту амалының таңбасы; 2*3 - көбейтінді; 6 - көбейтіндінің мәні.
6 - 2 - 2 - 2=0 Алтының ішінде екі - екіден үш рет болады. 6/2=3 Алтыны екіге бөлгенде үш шығады. «/» - бөлу амалының таңбасы; 6/2 - бөлінді; 3 - бөліндінің мәні
Қосу - plus азайту - minus көбейту - multiply бөлу - divided тең болады - equal to
№1 Қосындылардың қайсысын көбейтіндімен алмастыруға болады?
7+7+7
4+4+4
3+3+3
5+5+5
2+2+2
6+6
7+7
8+8
№2Көбейтіндіні қосумен алмастыр. Онын мәнін тап.
3+3+3
4+4+4+4
5+5+5
6+6+6
7+7+7
8+8+8
9+9+9
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
№5 Суретті пайдаланып тиісті сандарды тап:
5*3 3*5 15/3 15/5
Көбейту және бөлу. Амалдардың мән мағынасы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама