Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Көбею тәсілдерінің пайда болуы

Жыныссыз көбею, әсіресе, вегетативті көбею, өте көне болып саналады. Соңғысынан спора арқылы көбею қалыптасқан, ол түрлердің сақталуына, әсіресе, олардың ареалдарының кеңеюіне (таралуына) жақсы мүмкіндіктер береді. Жынысты көбею организмдердің өніп-өсуінің тиімді жолы болып табылады, ол гендердің «қайта араласуы» мен жинақталуына мүмкіндік береді. Оның шамамен, 1 млрд жыл бұрын жыныссыз көбеюден шықты деп есептейді, сонымен қатар бұл процестегі алғашқы сатылар гаметалардың дамуындағы күрделілікпен байланысты болған. Қарапайым гаметалардың морфологиялық жіктелуі жеткіліксіз болған, осыған орай көптеген организмдерде жыныс клеткалары аталық және аналық түрлерге жіктелмеген, қозғалмалы изогаметалар болған кезде алға жетелейтіні изогамия (isos-тең, gamos-неке) болған.

Одан кейін анизогамия (грекше. anisos — тең емес, games — неке) пайда болды, ол тек көлемі жағынан айырмашылығы бар гаметалардың жіктелуімен сипатталады. Бұл организмдерде гаметалардың мөлшері әртүрлі (макрогаметалар және микрогаметалар). Жануарлардың эволюциясының кейінгі кезеңдерінде гаметалардың қозғалғыштығы, пішіні және көлемі жағынан айырмашылықтар пайда болды, ол әсіресе адамдардың гаметаларынан байқалады. Сонымен қоса, сүтқоректілерде аталық гаметалар көп мөлшерде өндіре алатындығын айта кеткен жөн.

Жынысты көбеюдің биологиялық тұрғыда маңызы зор. Оның вегетативті көбею мен спора арқылы көбеюден айтарлықтай айырмашылығы барына күмән жоқ. К. А. Тимирязев (1843 — 1920) организмдер өзгергіштігінің белгілі көзі ретінде жынысты көбеюге бірнеше рет көңіл аударған, себебі мейоз барысында гендердің рекомбинациясы, ал гаметалардың қосылуынан — гендердің жаңа үйлесімдері орын алады. Табиғатта жынысты көбею басқа көбею түрлеріне қарағанда басым келеді деп айтуа болады. Жынысты жолмен көбейетін жануарларда көбею қасиеті салыстырмалы ұзақ сақталады.

Адамда әйелдердегі көбею негізінен 40-45 жасқа дейін, ал еркектерде өмір бойы сақталады деуге болады. Жынысты көбеюге екі ата-ана керек болғандықтан, бұл екі серіктердің кездесуінде белгілі бір қиындықтарды тудырады. Бірақ жануарлардың эволюциясы барысында бірқатар қосымша бейімдеушіліктер пайда болды, ол аталықтарының жыныс клеткаларының аналықтарының жыныс жолдарына түсуіне және ұрықтанған жұмыртқа клеткасының дамуына жағдай жасайды. Бұл бейімдеушіліктер эволюция барысында бөліп шығарғыш жүйелерден пайда болды, ол зәр — жыныс жүйесінің қалыптасуына алып келді.

Көптеген организмдерде тікелей даму мен тірі тууға тәуелсіз тенденция дамыды. Егер тікелей даму көптеген өкпесіз саламандраларда болса, барлық аяқсыздар мен құйрықсыз амфибиялардың көбінде байқалса, ал тірі туатындар жануарларда қабыршақты рептилиялардан бастап пайда болды. Тірі туудың пайда болуы ана организмнің ішіндегі дамудың бастапқы кезеңдерінде тірі қалу ерекшелігіне тэуелді. Омыртқалылардағы тірі туу экологиялық жағдайлармен байланысты деп саналады.

Мысалы, рептилияларда ол жоғары ендіктерде тіршілік етуіне байланысты бейімдеушіліктермен, амфибияларда — төмен температураларға бейімделуімен, ал шеміршекті балықтарда — тропикалық ендіктердегі тіршілікке бейімделімен байланысты. Диплоидтық жағдай эртүрлі аллельдердің жинақталуымен жүзеге асады. Сондықтан жыныстық көбею жыныссыз көбеюге қарағанда басым келеді, өйткені ол организмдерге өзгергіштікке үлкен мүмкіндік береді, ал бұл эволюцияда өте үлкен маңызға ие.

Партеногенез көбею жағынан басымдылыққа ие, өйткені ол тек аналық ұрпақтарды береді. Бірақ ол сирек. Организмдердің табиғи популяцияларында жыныстық көбеюдің партеногенезбен алмасуының аз жиілікте болуын түсіндіру үшін 2 гипотеза қолданылады. Гипотезалардың біреуіне сәйкес (мутациялық-аккумулятивтік) жыныс адаптивтік бейімдеушілік болып табылады, себебі ол генмен қайталанушы мутациядан «тазартады», ал басқа гипотеза (экологиялық) бойынша жыныс ортаның өзгермелі жағдайларында адаптивтік бейімдеушілік болып табылады. Көпшілік ғалымдар екі гипотезаның екеуі де дұрыс деп санайды. Өсімдіктерде тіршілігінде қозғалмаушылықтың эволюциялық дамуына байланысты аталық және аналық гаметалардың бірігуін қамтамасыз ететін бейімдеушіліктерді дайындауға қажеттілік туды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама