Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Көгаршын мен таған

Бір таған көгаршындардың даяр тамақта, жылы орында тұратұғынын көрді де, жүнін ақ бояумен бояп оларға келіп қосылды. Көгаршындар өздерінің, бір тұқымына қисап етіп араларына кіргізді. Түнде таған өзінің қай жерде екенін ұмытып өзінше айғай салды. Сонда көгаршындар оның бөтен құс екенін біліп шұқылап қуып жіберді. Бұдан кейін таған өзінің жолдастарына келіп қосылды. Жолдастары жүні ақ болған соң танымай араларына кіргізбей қуып жіберді. Осы қалпымен таған көгаршындарға да қосылмай, өз жолдастарына да қосылмай, көрген күні қаран болды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама