Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Көкөністер мен жемістер
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу - іс - әрекеті: Жапсыру
Тақырыбы: Көкөністер мен жемістер
Мақсаты: Балаларды күз сыйлықтарымен таныстыруды жалғастыру.
Білімділік міндеттері: Жемістердің пішіні мен оларға тән ерекшеліктерді жеткізіп көрсете білуге үйрету.
Дамытушылық міндеттері: Шаршы және тік төртбұрышты қағаздан әртүрлі пішіндерді қиып алу дағдыларын қалыптастыру.
Қосарлап бүктеу тәсілі арқылы бірдей заттарды қию жолдарымен таныстыру.
Тәрбиешілік міндеттері: Жапсыруға қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру.
Сөздік жұмыс: Шаршы, тік төртбұрыш, қосарлап бүктеу

Іс - әрекеттер кезеңдері:
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбері.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек.
Көңілді боп жүрейік.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Дұрыс. Қазір жылдың күз мезгілі.
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін білесіңдер ме?
- Күзде күн суыта бастайды.
- Күзде құстар жылы жаққа ұшады.
- Күз туралы қандай тақпақтар
білесіңдер?
- Күз мезгілінде қандай жемістер,
көкөністер піседі?
- Бақта не өседі?
- Бақшада не өседі?

Д/о: «Заттың атын ата»

Шарты: Қоржынға салынған көкөністер мен жемістерді қолдарына алып, олардың ерекшеліктерін айтады.
Ұйқасын тап.
Іші толған шәрбат,
Дәмі қандай әйбат.
Үзсең бірден жүзін,
Оның аты - (жүзім)

Доп – домалақ сары.
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп.
Оның аты –(өрік)

Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара, қанша?
Оның аты (алша)

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар.
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай ағаштар,
Үп - үлкен боп өседі.

Бүгін бізге қонаққа Бағбан атай келіпті.
Атай бізден көмек сұрайды.
-«Менің жеміс ағаштарым биыл мол өнім беріпті, соны теруге көмектесіңдерші» дейді.
- Кәне балалар атайға көмектесеміз бе?
Олай болса бүгінгі оқу іс - әрекетімізде жапсыру. Түрлі – түсті қағаздан алма мен алмұртты қосарлап бүктеу әдісімен қиып жапсырайық.
Үлгі бойынша жұмыс жасау.
Қайшыны, желімді абайлап, ұқыпты пайдаланамыз. Қию кезінде қағаздың бір бұрышынан бастап келесі бұрышына дейін қайшыны еркін қозғалыспен қозғалта отырып қиямыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама