Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Көлік түрлері
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Таным
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Көлік түрлері. Мінез-құлық ережелері
Мақсаты:Көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Атқаратын қызметіне және жүретін ортасына қарай (ауада, жерде, суда) топтастыру.
Көліктердің пайдасы және зиянды жақтарымен таныстыру. Көлік ішіндегі мінез - құлық ережелері туралы түсіндіру. Адам тұрмысындағы көліктің пайдасы туралы мәлімет беру.
Сөздік жұмыс: Арба, жолаушылар, жүк тасымалдау, жерде, суда, әуеде жүретін
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Мотивациялық оятушылық
Тәрбиеші балаларды «Әсем күлкі сыйлайық» атты шаттық шеңберге тұрғызады. Күз мезгілінің әр күні шырайлы болуы үшін балаларға бір-біріне шырайлы күлкілерін сыйлауды ұсынады. Балалар қол ұстасып, оң жағында тұрған көршісінің көзіне қарап, бірнеше жылы сөздер айтып, мадақтайды. Жылы сөз естіген бала, алғысын айтып, әсем күлкісін сыйлайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік
Тәрбиеші ұ.о.іс-әрекетін көліктер туралы әңгімеден бастайды. Тақтаға түрлі көліктер түрлері бейнеленген суреттер іледі.
- Балалар мына суретте нелер бейнеленген?
- Көліктердің аттарын атаңдар?

- Барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

- Көлік дегеніміз не?
Тәрбиеші тақтадағы кейбір суреттерді, теріс қаратып қояды да, жасырынып тұрған көліктер туралы жұмбақтар жасырады.

Ойын-саяхат: Балалар біз саяхатқа шықтық деп ойлап көрейік.
- Көрші қалаға бару үшін қандай көлік түрін таңдар едіңдер?
Балалардың зейінін олардың ортақ белгілеріне аударады.
- Ортақ белгілері не?
- Оларға дөңгелектер не үшін керек?
- Бір сөзбен бұл көліктерді жерде жүретін көліктер дейміз.
- Сергіту сәті:

- Ал, егер біз алыс елге Индияға т.б
жерлерге баратын болсақ, ол жаққа қалай жетеміз?
- Ұшақтың жанына тағы нені қоюға болады?
- Олар қайда ұшады?
- Аспанда ұшатын көліктерді бір сөзбен қалай атар едіңдер?
- Бұл сөзді барлық балаға бірге және жеке
жеке қайталатады.
- Енді тақтадағы қалған көлік түрлеріне қараңдар да, аттарын айтыңдар?
- Көліктер
- Автобус, троллейбус, ұшақ, кеме т.б
- Көліктер
- Адам және жүк тасымалдайды.
- Балалар жұмбақтың шешуін тауып, қандай көлік жасырынып тұрғанын табады.

- Пойыз, автобус, жеңіл машина
- дөңгелектері
- Жүру үшін

- Балалар жерде жүретін
көліктерді бөлек алып қояды.
- Ұшақпен
- Тікұшақты

- Аспанда
- Әуеде ұшатын деп айтамыз.
- Тепловоз, кеме, катер, қайық –олар суда жүзетіндер.
Рефлексивті түзетушілік
Біз бүгін көлік туралы білдік. Оларды 3 топқа қандай белгілеріне қарап бөлдік?
Дидойын: «Өз үйіңді тап»
Балалар сендер ержеткенде кей біреулерің көлік құрастыратын мамандық иесі болуларың мүмкін, бірақ ол үшін әлі көп біліп, оқу қажет –деп жақсы қатысқан балаларды мадақтап ұ.о.іс –әрекетін аяқтайды. Жерде, суда, әуеде жүретін деп бөлдік.

- Жүретін жеріне қарай бөлінді.
- ойынды қызығушылық
пен ойнайды

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар көлік түрлері туралы толық білді
Білуі керек: Көліктерді атқаратын қызметіне қарай ауада, суда, жерде жүретін түрлеріне қарай жіктеуді меңгерді
Түсінеді: Көлік түрлерін салыстырып, ортақ белгілері туралы айта алады

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама