Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Көмекші есімдер. Астана
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Көмекші есімдер
Астана қаласы
Сыныбы: 6( орыс бөлімі)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға елордамыз - Астана жайлы, оның тарихы мен тағдыры, жері мен суы, бүгіні мен ертеңі туралы мағлұмат беру. Көмекші есімдер туралы мәлімет бере отырып, практикалық жолмен меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың тіл мәдениетін дамыту; мәтінде кездесетін жаңа сөздерді меңгерте отырып, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке, елді, жерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба.
Техникалық құрал - жабдықтар: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақ
Ережені жаз
Көмекші есімдер. Заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын сөздерді көмекші есімдер дейді.
Көмекші есім тіркескен сөз ілік септігі жалғауын ашық жалғауы да мүмкін, жасырын түрде де көрінуі мүмкін.
Мысалы: үйдің маңы - үй маңы, өзеннің жағасы - өзен жағасы. т. б.
Көмекші есімдерге мыналар жатады: үсті, алды, жаны, іші, асты, арты, қасы, сырты.
Мысалы: үстелдің үстінде, мектептің қасында, дүкеннің ішінде.

1 - тапсырма. Берілген көмекші есімдерге жатыс септігінің жалғауларының тиістісін жалғап жазыңдар.
Үлгі: Үсті - үстінде
Үсті, аты, алды, арты, жаны, қасы, іші, сырты, арасы.
3. «Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу. Әкеңнің әкесі. Үшінші септік. Астананың рәмізі. Ең жақын адам. «Ескі» сөзінің синонимі. Қазақстан Республикасының үшінші астанасы.
- Балалар қандай сөз шықты?(Астана)
4. Миға шабуыл. Астана туралы не білесіңдер?
5. Астана - слайд көру. Ал осы көргенімізді мәтінмен толықтырайық. Үлестірмелі карочкілер үлестіру. Мәтінді мәнерлеп оқу.
Мәтінмен жұмыс.

6. Мәтінмен жұмыс. Астана.
2 - тапсырма.
Мәтінді түсініп оқыңдар. Көмекші есімдерді өзі байланысып тұрған зат есімдермен бірге теріп жазыңдар.
Астана
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды.
Астана қаласында 100 - ден астам ұлт өкілдері тұрады.
Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.
Астана - болашағы үлкен қала.

7. Сөздік жұмысы:
Орналасқан - расположен
Ескерткіштер - памятники
Тұрғын - житель
Орталық – центр
Өзен - река
Бой көтерді - выстроились
Сөз тіркесі немесе сөйлем құрастыру.
7. Деңгейлік тапсырмалар
1 - деңгей
4 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңдар.

Парламент үйі қаланың ортасында тұр. Көшенің бойы... ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сырты... орналасқан. Мектептің қасы...
Үлкен саябақ бар. Саябақтың іші... қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр. Саябақтың қасы... жаңа тұрғын үйлер салынған. Ескерткіштің арты... үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алды... әдемі гүлдер егілген.
2 - деңгей
6 - тапсырма. Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.
Қаланың ортасында, дәріхананың қасында, театрдың алдында, саябақтың ішінде, үйдің үстінде, көше бойымен, ауылдың маңында, қала сыртында, үстел басында, олардың арттарынан, теміржолдың үстімен.
3 - деңгей
Астана сөзін септеу, болашақ, мемлекет сөздеріне фонетикалық талдау.
Тестілеу (үлестірмелі қағаздар).
4. Жаңа сабақты меңергендерін тексеру.
Астана қандай қала?

Тапсырма:
Сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдер құрастыру және қысқаша мәтін құрып айту.

5. Сабақты бекіту.
Ситуациялық диалог құрастыру.
- Балалар, Астана қаласында болғандарың бар ма?
- Астана қаласы несімен ұнады?
- Қандай жерлерінде болдыңдар?
6. Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма:
1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндау. 2) жаңа сөздерді жаттау. 3) Ережені жаттау.
4) «Астана» туралы шығарма жазу.
7. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама