Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Көмірсулар. Моно және дисахаридтердің химиялық қасиеттері
Тақырыбы: Көмірсулар. Моно және дисахаридтердің химиялық қасиеттері.
Полисахаридтер және олардың химиялық қасиеттері
Көмірсулар - химиялық құрамы Сm(H2O) n яғни көмірсутек+су, аты осыдан шыққан)
формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы
Көмірсулар деп аталу себебі олардың алғашқы зерттелген өкілдері (С6Н12О6) су мен көміртегі атомынан құралған тәрізді.
С(Н2О)- жалпы формуласы.
Углеводтардың үлесіне өсімдіктердің 80%, ал жануарлардың 2% құрғақ заттары жатады.
Көмірсулар (углеводтар) табиғатта өте көп таралған және адам өмірінде маңызы өте зор. Көмірсулардың өте маңызды қосылыстар екені дәлелденді. Олар нуклеин қышқылдарының және кейбір белоктардың құрамында кездеседі. Белоктар адам организмінде иммундық системаның құрылуында маңызды роль атқарады.
Ал басқа көмірсулардан маталар, қағаз және қопарылғыш заттар алынады. Көмірсулар қарапайым заттардан су мен СО2 күн сәулесінің энергиясын пайдаланып,
Жасыл пигмент хлорофильдің қатысумен синтезделеді. Бұл процесті фотосинтез дейді.
Көмірсулардың классификациясы олар үш класқа бөлінеді:
Моносахаридтер - қарапайым қанттар, олар гидролизденбейді, бұлар – глюкоза, фруктоза, пентаза, гексоза.
Дисахаридтер - әр молекуласы екі моносахаридтерден тұрады (сахароза, лактоза).
Полисахаридтер - өте күрделі, заттар, гидролизденгенде п молекула моносахаридтер түзеді (крахмал, клетчатка).

МОНОСАХАРИДТЕР
Табиғатта ең көп тараған молекуласында бес (пентоза)
немесе алты (гексоза) көміртек атомы бар көмірсулардың бір түрі.
Көмірсулардың қарапайымы – моносахаридтер. Моносахаридке жүзім қанты – глюкоза, жеміс шырынында және балда көп мөлшерде кездесетін фруктоза, нуклеин қышқылдары мен АТФ - ның құрамына кіретін рибоза мен дезоксирибоза т. б. жатады.
Моносахаридтер – суда жақсы еритін жағымды, тәтті дәмі бар түссіз заттар.

Физикалық қасиеттері
Моносахаридтер – түссіз, тәтті, кристалға айналатын заттар. Олар ылғал тартқыш, суда жақсы ериді. Моносахаридтердің судағы ерітіндісі лакмусқа бейтарап, тәтті дәмі бар. Әр түрлі моносахаридтердің тәттілігі түрліше, мысалы фруктоза глюкозадан 1. 5 – 2 есе тәтті.
Моносахаридтердің ерітінділері оптикалық пәрменді. Спиртте қиын ериді, ал эфирлерде олар ерімейді.

Химиялық қасиеттері
1. Гексозалар спирттер сияқты сілтілермен әрекеттесіп, алкоголят сияқты сахарадтар түзеді.
2. Тотығу реакциясы. Барлық гексоза – альдозалар, жеңіл тотығып, күміс айна реакциясын және фелинк сұйығын тотықсыздандырып, қызыл түсті мыс тотығын береді, яғни өздерін альдегидтер сияқты ұстайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама