Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Компьютер деген не? Бағдарламалық жабдықтар
Сабақтың тақырыбы: Компьютер деген не? Бағдарламалық жабдықтар.
Ақпаратты компьютерде сақтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және
бағдарламалық жабдықтама түсініктерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, ыждағаттылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Интерактивті тақта, Активстудио бағдарламасы, Aсtivote тестілеуші құрылғысы, оқулық, компьютер, тапсырмалар.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі..
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.

Үй тапсырмасын тексеру:
Кроссворд шешу.
Активстудиодан дайындалған тест. Оқушылар Aсtivote тестілеуші құрылғысымен тестке
жауап береді.

Тесттің жауабын автоматты түрде экранда көрсетіп, бағалау парағына түсіріп отырады. Содан кейін оқушыларға ребус жасырылады. Ребустың жауабы: компьютер.
Жаңа сабаққа дайындық кезеңі: Сонымен бүгінгі сабақта біз компьютер дегеніміз не, ол қандай құрылғылардан тұратындығы жөнінде мағлұмат аламыз.
Жана түсініктер:
Ақпарат өзінен - өзі пайда болмайды. Ол іздестірудің, жинаудың, сақтаудың, жеткізу мен өңдеудің және пайдаланудың барысында, басқаша айтқанда, ақпараттық процестерде айқындалады.
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады. Ақпараттық процесті жүзеге асыратын негізгі құрылғы компьютер деп аталады. Ақпаратты автоматты түрде өңдеу - адамның қатысуынсыз өңдеу, бұл кезде компьютер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізіледі.
Кірістік мәліметтердің түрі мынадай болуы мүмкін:
Мәтіндік аппарат ------------ Оқулықтағы мәтін, дәптердегі шығарма, ауа райын болжау, радио арқылы хабар.
Сандық аппарат ------------- Көбейту кестесі, арифметикалық мысал, хоккей ойындағы есеп..
Графикалық апарат -------- Суреттер, схемалар, сызбалар, фотосуреттер.
Музыкалық аппарат ------- Дыбыстар, музыка, сөз
Бейне аппарат -------------- Түрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер, екі және үш өлшемді жылжымалы объектілері.

Компьютердің аппараттық құралдары:
► Бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсетілуде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларынан;
► Ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды сақтауға арналған компьютерлік жадынан;
► Мәліметтерді өңдеу процесін басқаратын процессордан;
► өңдеу нәтижелерін шығаратын - шығару құрылғылардан;
► барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын ақпараттық кең арнадан тұрады.
1. 1. Тапсырма:
Ақпараттық процестердің жүру кезінде адамның кейбір мүшелерін мен компьютер құрылғыларының арналуын салыстырыңдар.
Кестеге бір - біріне сәйкес компьютер құрылғылары мен адам мүшелерінің атауларын жазыңдар:

3. 2. 1 тапсырма. Жеті жапырақты гүлдің әр жапырағында компьютердің анықтамасы берілген. Егер бұл анықтама дұрыс болса, онда жапырақты боя. Кейбір анықтамаларды басқа заттарға да қолдануға болады. Төменде аталған заттарды өздеріне сәйкес анықтамалардың шаршыларына жаз.
1. Пернетақтасы мен экраны бар электрондық аспап: калькулятор, қашықтан басқарылатын теледидар, ұялы телефон, электрондық сағат, пейджер.
2. Берілген жоспар бойынша жұмыс істейтін механизм: электрондық сағат, пейджер, кодты құлып, ойын қосымшасы, автоматты кір жуу машинасы.
3. Есептеуді жеңілдететін құрылғы: калькулятор, есепшот
4. Басқа аспаптарды басқара алатын аспап: кодты құлып, ойын қосымшасы.
5. Ақпаратты сақтайтын және автоматты түрде өңдей алатын машина.
6. Мәтінді енгізетін және қағазға басып шығаратын: Басу машинасы, телеграф аппараты.
7. Ақпаратты сақтауға қабілетті құрылғы: кітап, пейджер, кодты құлып.

Бағдарламалық құралдар - әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды. Олар:
► Жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық кұрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын;
► Қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;
► Бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАР
Компьютердің бағдарламалық жасақтамалары жүйелік, қолданбалы бағдарламалардан және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.
Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) (операционная система - ОС) негізгі болып табылады.
ОЖ — компьютердің барлық мәліметтерді өндеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ - әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады. компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді.
ОЖ - лер өте көп, бірақ біздің арнайы қарастыратынымыз — үйде және мектептерде тұрған компьютерлердің операциялық жүйелері. Бұдан аз - ақ уақыт бұрын мұндай компьютерлерде ОЖ МS DОS тұратын. Қазіргі кезде кең тараған жүйелер: WINDOWS 95, WINDOWS 98, WINDOWS NT.
Бұл операциялық жүйелердің және көптеген өте маңызды қолданбалы бағдарламалардың, бағдарламалау жүйелерінің негізгі әзірлеушісі (жасаушысы) — американың Місrosoft фирмасы.
Компьютерде жұмыс істеу - негізінде оның ОЖ - мен жұмыс істеу. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасу тәсілі қаншалықты қарапайым, түсінікті және "жақын достықта" екендігі өте маңызды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама