Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Компьютердің озат меңгерушісі сайысы.
Ақтөбе облысы,
Әйтеке би ауданы, Т.Жүргенов орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі Утепбаева Гулзат Кенжалеевна

Мақсаты: Компьютер сабағында меңгерген білімдерін қорытындылау арқылы білімін жүйелеу, жетілдіре отырып, өз бетінше еңбектенуге баулу. Оқушылардың девергентті (жанама ойын) ойын жетілдіре отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Ойын барысымен таныстыру.
1 – тур. «Келесі».
2 – тур. «Қай сөз артық?».
3 – тур. «Полиглот».
4 – тур. «Кроссворд шешу».
5 – тур. «Сиқырлы сурет».
Әр тур бойынша сайыскерлердің әр жауабын «5» ұпаймен бағалаймыз.

1 – тур. «Келесі».
Екі тілде сұрақ қойылады. жауабын білмесеңдер, «Келесі» деп айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі сайыскер жауап береді. Әр дұрыс жауап берген оқушыға «5» ұпай.
1. Информатика өлшем бірлігі. (бит, байт).
2. Вирустың кері жоятын программа (антивирус).
3. Сколько байт в одном килобайте (1024).
4. Сурет салуға арналған программа (пайнт).
5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор).
6. Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)
7. Центральное устройство компьютера (системный блок).
8. Компакт дискіні ойнатуға арналған программа (CD-ROM).
9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)
10. Сколько бит в одном байте (8).
11. Екілік жүйесінің сандары (0;1).
12. Небольшой программа, которая припысывает себя к другим программам (вирус).

2 – тур. «Қай сөз артық?»
Тақтада 4 сөз анаграмма түрінде берілген. Артық сөзді табу керек.
1. терчесвин – винчестер
такедис – дискета
акткомкспди – компакт – диск.
сорецпро – процессор.
Бұл жерде «процессор» сөзі артық. Ол жад сақтайтын құрылғыларына жатпайды.

2. рептьюкром – компьютер
тамикатема – математика
азакиф – физика
лиягоибо – биология
«Компьютер» сөзі артық. Қалғандары пәндер.

3. марамгроп – программа.
кышма – мышка
дакротре – редактор.
енюм – меню.

4. вочдека – девочка
юдил – люди.
чижмуна – мужчина.
чунеки – ученик
«Люди» артық.

Ал, қазір, көрермендермен ойын.
Ойынның аты «Қалай оқысаң да». Ойынға 2 оқушы қатысады. Олар тақтаға екі жақтан да бірдей оқылатын сөз жазу керек.
3 – тур. Полиглот.
Жас өркендердің тіл білімін тамашалайық. Қойылған сұрақтың жауабын 3 тілде айту керек: қазақ, орыс, ағылшын.
4 – тур «Кроссворд шешу»
Рет санымен кроссворд шешу.
5 – тур. «Сиқырлы сурет»
Әр суреттің астында тапсырма.

1 – тапсырма: «Сократ» программасы көмегімен мына сөздерді орысшаға аудар.
Error level - уровень ошибок.
Manual input – устройство ручного ввода.
2 – тапсырма: «Excel» программасы енгізіп, есепте: (234*641)+(324*433)
Қорытынды: Оқушылардың жинаған ұпайы бойынша жеңімпазды анықтап, ең көп ұпай жинаған оқушыға, «Компьютердің озат меңгерушісі» атағын береді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама