Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Компьютерлік графика түрлері
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика

Информатика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері
Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақта арқылы, тапсырмалар
Көрнекілік: Интерактивті тақта, презентация

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен ақпаратты қайталау
3. Жаңа сабақты баяндау. Мәтінмен жұмыс
4. Ой қорыту. Сабақты бекіту
5. Компьютермен жұмыс.
6. Бағалау. Үйге тапсырма беру.

Компьютерлер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады.

Компьтерлік графиканың әртүрлі топтамасы бар.
Түс ерекшелігіне қарай: қара - ақ және түрлі түсті болып ажыратылады.
Қолдану бағыты:
1) Инженерлік графика;
2) ғылыми графика;
3) Web - графика;

Компьютерлік графика:
♦ Екі өлшемді графика
1) Растрлық графика.
2) Векторлық графика.
3) Фракталдық графика болып бөлінеді.
♦ Үш өлшемді графикаға - ЗД жатады.

Растрлық графика.
Растрлық кескіндер мозаика тәріздес. Тек шыны немесе пластмасса кесектерінен көп болған сайын пиксель алынады.
Пиксель - монитор экранындағы кескінінің минималды пішіні. Растрлық кескін үлкеюге де кішіреюге сезімтал. Оны кішірейткенде ұсақ бөлшектердің айырмашылығы бұзылады.
Үлкейткенде: сатылы эффект пайда болады.

Векторлық графика.
Бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және т. б геометриялық примитивті пайдаланып, компьютерлік графикада кескінді өрнектеу.
Құндылығы:
Сапаны жоғалтпайды.
Шексіз үлкейтуге болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама