Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Компьютерлік вирустар
Тақырыбы: Компьютерлік вирустар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютерлік вирустар, түрлері туралы түсінік беру
Тәрбиелілігі: оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу
Дамытушылығы: ойлау қабілетін, логикасын дамыту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі. Интерактивті тақта, компьютерлер, электрондық оқулық

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу 2. Түгелдеу
Үй тапсырмасын сұрау.
Файлдар мен бумаларды іздеу. Сыныпты стикер арқылы 2 - топқа бөлу.
1 - топ Файлдарды жіберу 2 - топ Файлдарды табу
1 - топ Мәтінді іздеу, 2 - топ Файлдар мен бумалар атын іздеу. Практикалық жұмыс арқылы сабақты бекіту.
Жаңа сабақ
Ашық сұрақтар арқылы оқушылармен жаңа сабақты талқылау. Вирустардың мекендеу ортасына қарай сыныпты 3 - топқа бөлу.
1 - топ Файлдық
2 - топ Жүктейтін
3 - топ Макровирустар

Компьютерлік вирустардың ең елеулі белгілері олардың келесі жіктелуіне мүмкіндік береді.
Компьютерлік вирустарды жіктеудің өздеріне тән ерекшеліктері бойынша бірнеше тәсілі бар:
1. Вирустың таралатын ортасы бойынша
2. Зарарлану әдісі бойынша
3. Деструктивті мүмкіндіктері бойынша
4. Жұмыс алгоритмінің ерекшеліктері бойынша
Вирустар таралатын ортасы бойынша келесідегідей жіктеледі:
• Файлдық вирустар – әртүрлі форматтағы орындалатын файлдарды зарарлайтын вирустар. Сәйкесінше бағдарлама жазылған форматқа байланысты EXE намесе COM вирустары.
• Жүктелетін вирустар – дискілердің жүктелу секторларын (Boot секторлар) немесе жүйелік жүктеуіші бар секторларды (Master Boot Record) зарарлайтын вирустар.
• Жүйелік вирустар – әртүрлі компьютерлік желілер мен жүйелерде таралатын вирустар.
• Макро вирустар - Microsoft Office файлдарын зарарлайтын вирустар.
• Flash - вирустар - BIOS жадысының FLASH микросхемаларын зарарлайтын вирустар.

Сабақты бекіту.
Практикалық жұмыс.
1. Компьютерді вирусқа тексеру.
2. Компьютерге жаңадан антивирустық программа орнату
3. Ақпарат тасымалдаушылар: флешка, диск арқылы антивирустық программаларды тасымалдау.
4. Жаңарту жасау, интернеттің көмегімен
1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?
2. Вирустардың неше түрі бар?
3. Вирустардың мекен ету ортасына қарай нешеге бөлінеді?

Үй тапсырмасы:
Компьютерлік вирустар. Вирустардың түрлерімен танысу. Ақпарат жинау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама