Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Көнерген сөздер, түрлері
Әдебиет 5 сынып
Тақырыбы: Көнерген сөздер, түрлері
Мақсаты: білімділік: Оқушыларға сөздік құрамға енетін көнерген сөз, оны, түрлерінің мағыналық ерекшеліктерін түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу;
дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа, ойын ашық, еркін жеткізуге, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, жаттығу, ой жинақтау, сұрақ - жауап, салыстыру
Көрнекіліктер: тірек сызба
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

ә) Үй тапсырмасын тексеру
Көне түркі жазба ескерткіштері туралы қосымша мәліметтер жинастыру

Қайталау сұрақтары:
Сөздік қор деген не?
Сөздік құрам деген не?

б) Жаңа сабақ
Қоғамның дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады.
• Тарихи сөздер
1. Ел басқарумен байланысты атаулар: хан, патша, уәзір т. б
2. Қару - жараққа қатысты атаулар: садақ, найза, жебе
3. Әкімшілік сөздер: қызыл әскер, отарба

• Архаизмдер
Әдет - ғұрып таулары: бесік құда, барымта
Үй тұрмысына қатысты: лашық, жаппа
Мата атаулары: биқасап, патсайы
Ыдыс - аяқ атаулары: кебеже, саптыаяқ
Киім - кешек атаулары: кебіс, күпі
Өлшем және көлем атаулары: елі, батпан
Мезгіл және қашықтық атаулары: бесін, қозы көш

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама