Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Көңілді клоундар
Күлкі күніне арналған ашық шара.
«Көңілді клоундар»
Көңілді клоундар: Тәрбиеші........
Тәрбиеші.........
Ашық шараның мақсаттары: Білімділік: Балаларға күлкі күні туралы мағлұмат беру, адамға күлкінің пайдасы туралы әңгімелеу, мүмкіндігінше әрбір адам айналасына қуаныш, шат күлкі сыйлау керек екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Ертегі кейіпкерлерін сазды әуенмен көрсету арқылы көңіл - күйлерін көтеру, мерекелік қолайлы орта сезіндіру, баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін көтеру. Қызықты ойын арқылы ой - өрісін кеңейту, танымдық қабылдауын қалыптастыру. Айналамен, әлеуметтік ортамен байланысын нығайту, инклюзивті әлеумет стратегиясын пайдалану – жасқаншақ, ұялшақ балаларды ортаға тарту. Сыртқы реттелуден, өзіндік реттелуге неғұрлым бейімдеу. Баланың қиялын өрістету, шығармашылыққа бағыт беру.

Тәрбиелік: Сазды театр қойылымдары арқылы әсемдікке, эстетикалық тәрбиеге баулу, жаман мен жақсыны айыра білуге, адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу. Мейірімділік, қайырымдылық қасиеттеріне үлгі болуға шақыру.
Достыққа, бірлікшіл болуға тәрбиелеу.
Зал түрлі - түсті шарлармен безендірілген.
Залға көңілді әуенмен клоун келеді. Үлкен қапшығын арқалай келеді.
Клоун: Сәлеметсіздер ме, балалар, күлкі мейрамы құтты болсын, әрбір адам күлуге жаралған, күлкісіз өмір сүруге болмайды. Адам күніне 5 келідей күлу керек екен. Адам мағыналы, қуанышты күлсе адамның өмірі ұзарады екен.
Сондықтанда бүгін тек қана күліңдер!!!
Күліңдер, күліңдер,
Күлімдеп тек жүріңдер,
Бәрін, бәрін біліңдер,
Білімді болып жүріңдер.

Шынығыңдар, шынығыңдар,
Таза ауада тынығыңдар,
Дәруменмен дос болып,
Ауқаттанып жүріңдер,
Қуаттанып, салауатты өмір сүріңдер.
Күліңдер, күліңдер
Көңілді болып жүріңдер.

Клоун бәрінің назарын өзінің қапшығына аударады. Қапшықтың аузы байлау лы. Түртсе қозғалады, музыка жүрсе билейді. Клоун бәрін таң қалдырып, қапшықтың аузын шешіп қарайық дейді. Сол кезде ішінен тағы бір клоун атып шығады. Екеуі бір - бірімен құшақтасып, Менің атым - Төке, ал менің атым Көке - деп танысады. Екеуі көңілді музыкаға қосылып билейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама