Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктелерді белгілеу
Математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктелерді белгілеу.
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені сала білуге, берілген нүктелердің координаталарын табу біліктіліктерін пысықтау.
Дамытушылық мақсаты: Әрбір жеке тұлғаның логикалық ой - өрісін, есте сақтау, сызбамен жұмыс істеу қабілеттерін және шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өз ойын ашық айтуға, өз бетімен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, нәтиже алуға баулу.
Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы.
Әдісі: сұрақ - жауап, топтық және жеке жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, бағалау парағы
Пәнаралық байланысы: сурет, тарих, география.

Сабақтың кезеңдері
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды топқа бөлу.
ә) Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) № 1125, № 1126
ә) Өткенді қайталау.
« Координата» сөзжұмбағын шешу.
1. Бір - бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу қандай түзулер деп аталады? (перпендикуляр)
2. Оу осі қалай аталады? (ордината)
3. Координаталар басы қандай әріппен белгіленеді? (О)
4. Бір жазықтықта жататын бір - бірімен қиылыспайтын екі түзу қандай түзулер деп аталады? (Параллель)
5. Тік бұрышты координаталар жүйесін басқаша қалай атауға болады? (декарттық)
6. Координаталар осьтері жазықтықты төрт бөлікке бөлгендегі бір бөлігі қалай аталады? (ширек)
7. х осіндегі кез келген нүктенің ординатасы неге тең? (нольге)
8. Ох осі қалай аталады? (абсцисса)
9. «Координаталар» сөзінің қазақша баламасы? (Реттелген)
10. Өзара тең бұрыштар? (вертикаль)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама