Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі
Сабақ тақырыбы: Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушылардың гелиоцентрлік жүйе туралы мағлұмат беру, өмірде кездесетініне көз жеткізу.
Дамытушылық: теориялық білімдерін практикада, өмірде қолдана отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, танымдылыққа, адамгершілікке, басқа оқушының пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: плакаттар, кеспе қағаздар, бағалау жетондары, қосымша материалдар, ғалымдардың портреттері, слайдтар, балықтар, көл бейнесі бейнеленген плакат.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, бағалау, көрнекілеу.
Пәнаралық байланыс: информатика, астрономия, география.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (3мин)
а/ оқушылардың сабаққа зейінін жинақтап, олардың сабаққа әзірлігін тексеру.
ә/ сабаққа қажетті құрал - жабдықтарды түгендеу.
б/ жаңа сабақтың мақсат - міндеттерін айту.
в/ Психологиялық дайындық
с/ «Миға шабуыл» класты 2 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (7 мин)
Топпен жұмыс. Оқушылардан компьютерден тест алу.
1. Біздің заманымыздың ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ғалымы, ол дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасады. (Клавдий Птолемей)
2. Орбиталары Жер орбитасының сыртында орналасқан планеталарға қандай планеталарға қандай планеталар жатады? (Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун)
3. Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун қандай планеталар? (Алып планеталар)
4. Жердің Күнді айнала қозғалатыны туралы болжам жасаған 973 жылы Хорезмде дүниеге келген Орта-азиялық ғалым – математик (Бируни)
5. Төмендегі планеталарға қандай планеталар жатады? (Меркурий, Шолпан)

ІІІ. Қызығушылықты ояту
Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады.
Жаңа сабақты меңгеру. (15 мин)
Планеталардың Күнді айнала қозғалатыны жөніндегі идея біздің өркениеттің әр түрлі кезеңдерінде пайда болғанымен, ол жиырма ғасырдай уақыт бойы мүлгуде болды. Өйткені, Птолемейдің геоцентрлік жүйесі Әлем құрылысы жөніндегі мүлдем қате түсініктерге негізделгеніне қарамастан, ортағасырлық адамдардың қарапайым тіршілікке қажетті талаптарын қанағаттандырып отырды. Ол тұтылуларды, планеталардың көкжиектен көрінуін және аспан әлеміндегі көрінерлік өзгерістерді алдын ала дәл болжауға мүмкіндік берді. Себебі бұл жүйе де ұзақ жылдар бойы мұқият орындалған тәжірибелерге негізделген болатын.
Алайда, Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына қосып, Жер Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал Ай Күнді емес, Жерді қозғалады деді.

ІV. Сергіту сәті (2 мин).
Оқушыларға жұмбақтар жасыру.
V. Жаңа сабақты бекіту (5 мин).
«Бетпе - бет студиясы» ойыны арқылы сұрақ қойып, жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру.
♦ Коперниктің планеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасауда 1543 жылы жарық көрген еңбегі қалай аталады?
♦ Н. Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйені қалай атады?
♦ Коперниктің ілімін қолдап, одан әрі дамытқан ғалымдар
♦ Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарған ғалым

«Кім шапшаң» ойыны
Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар жасырылады.
1. Күндіз бар да, түнде жоқ,
Қиналмай тауларды, орманды,
Онсыз өмір мүлде жоқ. (Күн)
2. Аты да көк, заты да көк,
Ойлап тап, көтерген алыпты. (Аспан)
3. Бір кісінің он екі баласы бар,
Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.
Әр баласы сапарға шыққан сайын,
Отыз шақты серігін ала шығар. (Жыл мен он екі ай)
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау. (3мин)
Сабақты топтастыру стратегиясы әдісімен қорытындылау.
VІІ. Үйге тапсырма. (2 мин)
§21; Өзін - өзі тексеру сұрақтары.

VІІІ. Бағалау. (2 мин)
Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой.
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан қалмайды екен тіріде ол.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Ғарыштың кемелері, атылған тас,
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр
Бәрінің бағалары физика ғой!
Сондықтан табиғаттың сырын терең
Деушіге оқып, зерттеп, білем, көрем,
Демесең болсын егер еңбегің еш.
Әуелі, физиканы оқы дер ем.
Сабақтары қорытындыланып, бағалары күнделіктеріне қойылады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама