Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Көпмүше және оларға амалдар қолдану
Капарова Зульфия Буребаевна
Атырау облысы, Исатай ауданы Хамидолла Наубетов
атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Көпмүше және оларға амалдар қолдану» тақырыбына есептер шығару

Мақсаттары мен міндеттері:
1. Білімділік: тақырып бойынша оқушылар білімін , дағдысын, біліктілігін тексеру;
2. Тәрбиелілік: қызықты есептер шығару , әртүрлі жұмыс түрлерін қолдана отырып алгебра пәніне қызығушылықтарын туғызу; өз ойын нақты және анық жеткізе білуге тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: топпен , жұппен, жеке жұмыс жасай білу біліктілігін дамыту; танымдық қызығушылығын дамыту.
Сабақтың жүрісі
1. Ұйымдастыру
2. Мақсат қою.
Ағылшын философы Герберт Спенсер айтқан екен: «Мида май сияқты жиналған білімнен гөрі, ақыл бұлшық етіне айналған білім қымбат»
Біз де өз біліміміздің босқа жиналып қалмай, пайдаға асырайық. Бірақ алдымен миымызды жұмыс жасату үшін кішкене шынығу жұмысын жасалық. Мен зат есімдерді атаймын , ал сіздер оған сәйкес етістікті атаңдар.Мысалы, қол – соғады, аяқ - … , бас - … , құлақ - … , саусақ - … , көз - … , тіл - .., іш - … .
Міне, біздің басымыз жұмыс жасады, енді сабағымызға көшеміз.

Бүгін біз сиқырлы автобуспен саяхатқа шығамыз.Маршрут картада көрсетілген.
Есептерді дұрыс шығару арқылы біз біліммен қаруланып өз мектебімізге аман сау ораламыз.
Маршрутымыздың аты - «Көпмүшелерге амалдар қолдану». Саяхатқа шықпас бұрын алдымен бізге көмектесетін білімдерімізді еске түсірелік.

3. Білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру
Автобуста келе жатып мынадай ойын ойнаймыз «Шын -жалған».Егер сіздің құпия сөзіңіз шын болса, сәз біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфын біле аласыздар .Ол үшін мына сөйлемдерге белгілерді қойып жауап береміз. «Λ» – ия, « — » -жоқ. Сонымен бастаймыз!
1. Бірмүше дегеніміз сан және әріпті көбейткіштердің қосындысы.

2. Стандарт түрде жазылған бірмүшенің әріп көбейткішін бірмүшенің коэффициенті деп атайды.
3. Санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.
4. Бірмүшенің құрамындағы әріптердің дәрежелерінің қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.
5. Бір-бірінен айырмашылығы тек коэффициентінде болатын бірмүшелер ұқсас мүшелер деп аталады

6. Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысы бірмүше деп аталады.
7. Бірмүшені көпмүшеге көбейткенде бірмүше шығады.
8. Бірмүшені көпмүшеге көбейткенде көпмүше шығады.
9. Ұқсас мүшелері жоқ әрбір мүшесі стандарт түрдегі бірмүше болатын көпмүше стандарт түрдегі көпмүше деп аталады.
10. Жақшаның алдында "+” таңбасы тұрса, жақшаны ашқанда ішіндегі таңбалары өзгермейді.
11. Жақшаның алдында "-” таңбасы тұрса, жақшаны ашқанда ішіндегі таңбалар қарама-қарсыға өзгереді.

Тексеру : –– —ΛΛΛ— —ΛΛΛΛ

«Математика әлемді басқармайды, бірақ әлемнің қалай басқарылатын көрсетеді».
Бұл сөздерді - Гёте айтқан. Гёте- неміс философы , ақын.
Егер құпия сөздер дәл болса, «Жол картасына» «+» таңбасын, қате болса «-» қойыңыздар.

4. Білімді жинақтау.
Мұғалім: Сонымен , аялдамаға келдік. Біз ғылым орманына келдік.Осы жерден көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін еске түсірелік: (а – 4) (а + 1)?

Оқушы тақтаға көбейту схемасын жазады:
(a + b) (c + d) = ac + ad + bc +bd.
Екінші оқушы символ түрінде жазады:
(□ +○) (▲ + ◊ ) = □▲ + □◊ + ○▲ + ○◊.
Олар тақтаға жазып жатқанда , қалған оқушылар ережені айтады.
Мұғалім: Енді мына көпмүшелердің көбейтіндісін табалық: (а – 4) (а + 1).
Жауап: а2 – 3а – 4.
(Мұғалім әрбір оқушыны бағалайды)

Сол кезде ағаштар екіге айырылып жол береді.Әрі қарай кеттік пе?
М ұғалім: Біз білім өзеніне жақындадық.Енді арғы бетке өту үшін көпір салуымыз керек.Ол үшін келесі тапсырмаларды орындаймыз:
а) (в + 10) (в – 4); б) (у + 6) (у – 10); в) (а – 3) (а + 8).
/в2 + 6в – 40/ /у2 – 4у – 60/ /а2 +5а – 24/

Кім тапсырманы бәрінен бұрын аяқтаса, солар зертханаға кіруіне болады.Олар шығармашылық тапсырмаларды орындайды.Жауаптарыңызды жол картасына толтырыңыздар.

Зертхананың шығармашылық тапсырмалары:.
1. Өрнекті ықшамда:
А. Б. В. Г.
2. Өрнекті ықшамда
А. Б. В. Г.
3. Өрнекті ықшамда 3х(х-5)-5х(х+3).,
А.-2х2-3; Б. 2х2 + 30; В. 8х2; Г. -2х2 + 30.
4. Өрнекті ықшамда : (3а-2)(5-2а)+4а2.
А. 2а2+19а; Б.11а-2а2-10; В.-2а2+19а-10; Г.-2а2+11а.

5.Өзіндік жұмыс.
Мұғалім. Ал енді саяхатымызды жалғастырамыз.Біз өзеннен өтіп жол айырығына келдік.Оңға жүрсек –шөлге тап боламыз, солға жүрсек – лабиринтке кіреміз(ертедегі Греция мен Египетте кірген адам шыға алмайтын етіп жасалған шытырман дәлізді үй), ал тіке жүрсек- қателіктер аралына тап боламыз.Кім қайда баратынын таңдаңыздар.
1.
2. Көбейту шөлі.
Археологтар тауып алған папирус жапырағындағы жазбаларды ретке келтіріңдер:
а) (4а – 3) (2а + 5) = 8а2 - … + 20а …15 = 8а2 … 14а - …;
/ 8а2 – 6а +20а – 15 = 8а2 + 14а – 15 /
б) (3х – 5) (5х +4) = 15х2 - … + 12х … 20 = 15х2 … 13х - …;
/ 15х2 – 25х + 12х - 20 = 15х2 - 13х – 20 /
в) (2а – 4) (3а + 8) = 6а2 - … +16а … 32 = 6а2 … 4а - ... .
/ 6а2 – 12а +16а - 32 = 6а2 + 4а – 32 /
3. Шытырман көбейту.
Сіздер шытырман көшелерге түсіп кеттіңіздер, одан шығу үшін теңдеулерді шешу керек.
Бірінші (2х + 4) (3х – 3) – 6х2 = 0. / 2 /.
Осы теңдеудің түбірі екінші теңдеу қандай саннан басталатынын көрсетеді:
(◊х + 4) (4х – 12) – 8х2= 0. / - 6 /.
4. Қателіктер аралы.
Қатені тауып көрсетіңіздер:
а) (2а – 1) (3а + 2) = 6а2 – 3а + 4а + 2 = 6а2 + а + 2; / -2 /
б) (3х – 2) (3х – 1) = 9х2 – 6х – 3х – 2 = 9х2 – 9х – 2; / +2 /
в) (-5х + 1) (2х – 3) = -10х2 + 2х + 15х -3; / -10х2 +17х -3 /
г) (2а – 5) (3 – 4а) = 6а – 15 – 8а + 20а = 18а – 15. / -8а2 ; 26а – 15 – 8а2 /
6. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.
Мұғалім. Міне автобусқа кері ораламыз.Орындалған тапсырмаларыңызда маған тапсырасыздар.барлық кедергілерден өтіп мақсатымызға жеттік.
Бүгінгі сабақ туралы өз ойларыңызбен бөлісулеріңізді сұраймын.
(Бір ауыз сөзбен)
Ол үшін төмендегі сөйлемдерді пайдаланыңыздар:
- Менің білгенім…
- Менің сезгенім…
- Менің көргенім…
- Мен басында қорықтым, сосын…
- Менің байқағаным …
- Мені ойландырған…
7. Үйге тапсырма №124

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама