Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Көпмүше. Көпмүшенің стандарт түрі, дәрежесі
Мазмұны
I Кіріспе
1. Көпмүше. Көпмүшенің стандарт түрі, дәрежесі
II Негізгі бөлім
1. Сабақ жоспары
2. Рефлексия
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жалпы білім саласында болып жатқан өзгерістер мен қабылданып жатқан заңдар, оқыту мен оқуға өзгеріс енгізілуі жайында біршама хабарым бар еді. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасын зерделеу және меңгеруге көмектесетін негізгі материал болып табылады. Аталған Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Сабақтың тақырыбы: «Көпмүше. Көпмүшенің стандарт түрі, дәрежесі». Мақсатым, көпмүше ұғымымен таныстыру, көпмүшенің стандарт түрі мен дәрежесін анықтауды үйрету. Тақырыптың мазмұнын ашу барысында өз ізденістері арқылы сыни тұрғысынан ойлауға тәрбиелеу. Сыни ойлауға берілетін тапсырмалар, өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етеді. Әр топ өз ойын постер арқылы қорғау керек сол арқылы жаңа тақырыпқа қадам жасайды. Осы мақсатта оқушыларға қосымша өткен материалды толық меңгеру мақсатында «Сұрақ - жауап» әдісін пайдаландым. Анықтама: Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп атаймыз. Көпмүшені құрастыратын бірмүшелерді көпмүшенің мүшелері деп атайды.

Көпмүше. Көпмүшенің стандарт түрі, дәрежесі жүктеп алу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама