Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Көрікті көктем
Уақыты: 10. 12. 12
Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық
Оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Көрікті көктем
Мақсаты: Көктем айында айналада болатын өзгерістер жайлы, балалардың түсініктерін кеңейте және анықтай түсу, басқа да айлармен салыстыру. Табиғат құбылыстарына бақылау жасата отырып, туған жерге сүйіспеншілік пен қамқор көзқарасқа бағыттау, сурет арқылы әңгіме құрата білуге үйрету.

Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап
Көрнекіліктер: Суреттер, нақыл сөздер
Әрекет кезеңдері
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті
І ұйымдастыру
Шаттық шеңберін құру

№ 1 слайд
Дөңгеленіп шаттық шеңберін құрады.
Мейрімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
Апай сізді көргенімізге қуаныштымыз

Іздену
Ұйымдастырушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті:
ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру
- қазір жылдың қай мезгілі?
- көктем мезгілі
- көктемнің қай айы?
- сәуір айы
- сәуір айы туралы қандай мақал білеміз?
- сәуір болмай, күн тәуір болмас.

- балалар өлеңді жаттап алады
- Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп - үлкен боп өседі

- балалар жағымды, жағымсыз жағдайларын айтады
- балалар көктем мезгіліне әңгіме құрап айтады
- Ханшайым келеді балалар ханшайымды қарсы алады
- Суретті әдемі етіп бояйды
Тәрбиешінің іс - әрекеті
- аптаның нешінші күні?
Слайд № 2

Жұмбақ жасыру
- күн ұзарып,
қар еріп.
Су сайларға толады
бұл қай кезде болады
- көктем
Слайд № 3
Көктем туралы өлең оқу
Көктем, көктем көктемде
Құстар ұшып келгенде.
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.

Слайд №4
Сергіту сәті
Слайд № 5
Көктемнің жағымды жағымсыз жағдайларын айтқызу
Слайд №6
Көктем туралы әңгіме құрау
Слайд № 7
Ғажайып сәт

Слайд № 8
Суретпен жұмыс бәйшешектің суретін салып әдемілеп бояйды
Қорытындылау
Жарайсыңдар балалар, сонымен көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады екен? Балалар бүгін сендер өте тамаша жауап бердіңдер. Енді көктем ханшайымын шығарып салайық.

Рефлексивті коррекциялаушы
Оқу іс - әрекетінен күтілетін нәтиже:
Баланың Білуі: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін біледі
Баланың меңгеруі: Сурет бойынша әңгіме құрайды
Баланың жасай алуы: Сурет сала алады, әңгіме айтады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама