Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Көркем әдебиет стилі
Көп бейінді №3 мектеп - гимназиясының
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қасенова Гүлжан Ержанқызы

Тақырыбы: Көркем әдебиет стилі
9 сынып
Сабақ мақсаты: Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктерін таниды, оны шығармашылық жұмыстарында қолданады.
Міндеті: 1. Сөз мәдениетін қалыптастырады.
2. Көркемдік тәрбие алуға ұмтылады.
3. Эстетикалық талабын қалыптастырады.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс Әдебиет
Әдіс - тәсілдер: Стратегиялар: ой ашу, кубизм, топтастыру, аялдамамен оқу.
Құрал - жабдықтар:
Кезең:
Әдіс:
Интербелсенді тақта, сызбалар, маркер, қанатты сөздер, оқулық.
1, Қызығушылықты ояту:
Ой ашу - әрбір топқа сұрақ қойылады
Сұрақ:
1 - топ. Әр адам сен үшін кім?
Күтілетін жауап:
1 - топ. Әрбір адам мен үшін туыс, дос, сырлас, көрші... деген ұғымдармен жауап береді
Сұрақ:
2 - топ. Әрбір пәннен сен не күтесің?
Күтілетін жауап
2 - топ. Жаңалықты, достықты, жаңа ойларды туғызады деп күтемін... деген жауаптар айтылады.
Сұрақ:
3 - топ Әрбір іс - әрекетіңнің нәтижесі қандай
Күтілетін жауап:
3 - топ. Адамгершілік, адалдық, қуаныш, сыйласымдылық, кездесулер... деген жауап күтіледі
Сұрақ:
4 - топ. Сен үшін сөзіңнің құндылығы неде?
Күтілетін жауап: 4 - топ. Шындық, ақиқаттылық, адамгершілік түсіністік... деген жауаптар күтіледі.
Топтастыру стратегиясы бойынша оқушы тақтаға жазып шығады.
Мағынаны ажырату: Көркем әдебиет стилін өтетініміз жайлы айтамын.
Оқушыға мәтін таратамын.
Көркем әдебиет оқиғаны сурет бейнесінде баяндайды, танытады: оқиға, кейіпкердің іс - әрекеті, сөзі, мінезі, келбеті қатысып баяндалады. Оқиға болған күннің реті, жер жағдайы аталады. Мұны оқиғаны образды түрде бейнелеу дейді. Көркем әдебиет оқиғаны баяндауда автордың әсерін, сезім - күйін қоса қатыстырады.
Осы жайлар көркем әдебиеттің ерекше баяндалу мәнерін – стилін қалыптастырады. Көркем әдебиет стиліне тән ерекшелік мыналар: 1. Образды сөздер мол қатысады.
2. Экспрессивтік сөздер мол болады.
3. Мәтінге ритм, интонация әсерлілік құру үшін көп қатысады.
4. Шығарма тартымды болу үшін, синоним сөздер, грамматикалық амалдар көп жұмсалады.
Оқушы көркем әдебиет стилі жайлы аялдама стратегиясы арқылы танысады.

Кубизм Интербелсенді тақтада 4 ұяшық беріледі. Әр топ өзіне ұнаған ұяшықты таңдап алады.
1 - топ. Суреттеңіз
2 - топ. Салыстырыңыз
3 - топ. Талқылаңыз
4 - топ. Қолданыңыз
Оқушылар ұяшықта алдын - ала жасырынған тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.
1 - 1 - топ. Көркем әдебиет стилі туралы жазады.
2 - 2 - топ. Көркем әдебиет стилін ауызекі сөйлеу стилімен салыстырады.
3 - 3 - топ. Кітаппен жұмыс (47 - жаттығуды орындайды)
4 - топ. Көркем әдебиеттен мысал келтіреді

Ой толғау:
Еркін жазу: Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктерін айқындайтын іс - әрекет
1 - топ. Образды сөздерді қатыстырып өлең жазады.
2 - топ. Экспрессивтік сөздерді қатыстырып шағын мәтін құрастырады.
3 - топ. Тәуелсіздіктің 20жылдығына байланысты 9 - сынып оқушыларының арнауы (интонациалық - ритмдік әсерлігі мол арнау түрі)
4 - топ. Стиль әлеміндегі көркем әдебиет стилінің алатын орны (модель). (Әр топ берілген тапсырма бойынша топтық жұмыс жасайды, яғни мәтін, өлең, арнау жазып, модель жасайды.
Топта, ұжымда талдайды).

Бағалау: Топ жетекшісі бағалайды. Қорытынды бағаны пән мұғалімі қояды
1. Үй тапсырмасы: Жергілікті ақын - жазушылардың көркем шығармаларынан үзінді әкелу;
2. §5. Көркем әдебиет стилі тақырыбын қайталау.
3. 50, 51 - жаттығу

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама