Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Көшпелілер туралы түсінік
Тарих 5 сынып
Сабақ тақырыбы: Көшпелілер туралы түсінік
Оқу мақсаттары 5. 4. 1. 1 жаңа әріптерінің емлесін сақтап жазу
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Тақырыпқа қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы ежелгі көшпелілер туралы түсінік алады
Оқушылардың басым бөлігі: Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы шығармашылыққа баулиды
Кейбір оқушылар: Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Жетістік критерийлері: Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпараттар береді, ауызша сұрақтарға жау - ап береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, өз ойын айтады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен пікір алмасады, полилог құрады.
Сөздік қор: Сезім мүшелерінің атаулары.
Құндылықтарды дарыту: Еңбек және шығармашылық
Пәнаралық байланыстар: Әдебиет пәнімен байланыс
Алдыңғы меңгерілген білім: Әңгімені мазмұндай алды. Ертегілерді құрастыра біледі.

Сабақ барысы
Сабақ басы 3 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.

ІІ. Қызығушылықты ояту
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Сабақтың ортасы
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді, көшпелілер мәдениетімен таныстырады, қосымша мәліметтер береді, «көшпелілер» сөзіне кластер (2 - тапсырма) құрастыруларын сұрайды.
Оқушылар слайдтарды тамашалайды, кластер құрастырады.

• Көшпелі қоғам - көшпелі өркениет дегеніміз – негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп - қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.
Көшпелілер туралы түсінік, алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Көне қытайда «көшпелілер - жабайы, мәдениеттің – қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды «тағы жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы» деп есептеді.

Археолог К. Ақышевтың пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б. з. д 9 - 7 ғасырларға дәл келеді. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан.

Ғалымдардың пікірінше, көшпелі жұрттар өз бетімен таптық қоғамның ең алғашқы сатысына жетеді, ал олардың әрі қарай дамуы отырықшы халықтардың ықпалымен ғана іске асады. Көшпелі қоғам – бұл даму болашағы шектеулі қоғам.

Көшпеліліктің шығуы көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы – белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның шектеулі мүмкіндіктеріне, табиғи ресурстарға байланысты.

Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпақдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Іле Алатауларының тау беткейлері тау беткейлері және таулы өлкелері жатады.
Көшпелілер туралы түсінік. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама