Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Костюм туралы түсінік
Қызылорда қаласы,
№197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі:
Әлжанова Роза Зейнуллақызы

Костюм туралы түсінік
Сабақ мақсаты: костюмнің шығу тарихы, түрлері туралы түсінік беру, әсемдікті өз тіршілігінде орынды пайдалана білуге үйрету, жаңа сөздерге анықтама беру.
Сабақ міндеті:
1. Білімділік: оқушыларға костюмдер және олардың қазіргі заман талабына сай болуы туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: оқушылардың киімдер туралы көзқарастарын, эстетикалық талғамдарын дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушыларды халық дәстүрінің тарихын біліп, бүгінгі өмірмен жалғастырып, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қайталау.
Сабақ әдісі; сұрақ-жауап, түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, бейнелеу.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін және зейіндерін мұғалімге аудару мақсатында тренинг өткізу.
II. Үй тапсырмасы.
Оқушылармен өткен тақырып бойынша тест жұмысын өткізу.

Жаңа сабақ.
Костюмнің шығу тарихын, тігілуін бір сөзбен айтып жеткізу қиын. Костюм бізге ежелгі Египет елінен келген. Заман ағымына байланысты өзгеріп отырып, қазіргі костюмдердің үлгісіне енді.Костюм - француз тілінен аударғанда «киім-кешек» деген мағынаны береді. Костюмдер композициясы дегеніміз - костюмдерді құрастыру, яғни әр түрлі маталардан, әр түрлі стильдерден костюм үлгілерін құрастырып шығару. Композиция сөзі латын тілінен аударылған.Қазіргі сәнде екі түрлі бағыт бар. Ретроспективалық және перспективалы. Ретроспективалық өткенге бағытталса, перспективалы болашаққа бағытталған.Әйелдердің киімі қолданылуына қарай күнделікті, тұрмыстық, сахналық, спорттық болып бөлінеді. Соның ішінде костюм әйелдердің күнделікті киетін киіміне жатады.

V. Сарамандық жұмыс.
Үйден орындап келген сарамандық жұмыстарын бағалап, өздеріне таратып беру,
тігілген костюмдерін аксессуар, яғни өз қиялдарымен әр түрлі әдістермен әшекейлеу.
Сұрақтар:
- Ежелгі костюмдер тарихы қай елден басталған?
- Сән сөзінің анықтамасы?
- Костюм француз тілінен аударғанда қандай мағына береді?
- Ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер қай стильге жатады?
- Классикалы қ стиль қандай стиль және классикалық стильдегі киімдер қандай болады?

VII. Үйге тапсырма: оқып келу
VIII. Оқушыларды бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама