Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Көз – адамның айнасы
Сабақтың тақырыбы: Көз – адамның айнасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға адамның сезім мүшелері туралы және адамға қоршаған ортаны бағдарлауға, көмекші көз екені туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды көздің қадірін түсіне білуге, оның гигиеналық талаптарын сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Көзді сақтай отырып, ойлау қабілетін, ойы мен тілін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а/Оқушыларды түгелдеу.
ә/Психологиялық дайындық
Балалар - гүлім менің,
Балалар - күйім менің.
Балалар нұр сыйлайтын,
Бүгінгі күнім менің,- дей отырып, балалар сендерді өзіме қуат алар шуақты күнге теңемекпін.
Оқушылар:
Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр құйсын.
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын!
Олай болса жақсы көңіл - күймен сабағымызды бастайық.
Ой толғау
1. Балалар қанша уақыт ұйықтайды?
8 - 9 10 - 12 5 - 6
2. Жүйке жүйесінің жұмыс істеу реттілігін тап.
Құлақ - ми – адамның іс - әрекеті
3. Жүйке жүйесі неден тұрады? Ми, жұлын, жүйке талшықтары

ІІІ Жаңа сабақты меңгерту
а/ Жұмбақ шешкізу.
Жақсы – жаман нәрсенің
Ол бәрін де көреді.
Жақсыларын ішінен
Саған айтып береді. (Көз)

ә/ Көз туралы не білеміз?
көреміз кино қараймыз
кітап оқимыз заттарды ажыратамыз

б/Оқушыларға сезім мүшелері туралы түсінік беру.
Миға ақпаратты жеткізетін қандай мүше? Сезім мүшелері
Сезім мүшелеріне нелерді жатқызамыз?
Көз - Заттың пішінін, түсін, мөлшерін ажыратады. Кино қарайды, кітап оқиды.
Құлақ - Дыбысты қабылдайды. шуды, сыбдырды, музыканы т. б.
Мұрын - Иісті сезеді, ажыратады.
Тіл - Дәмді ажыратады, қорғаныш қызметін атқарады.
Тері - Қорғаныш қызметін атқарады. Сипап сезу мүшесі.

в/ Көз – көру мүшесі туралы түсінік беру.
Адам көзбен заттың пішінін, түсін, мөлшерін ажыратады. Айналадағы әлемнің әсемдігін көреді, кітап оқиды, теледидар қарайды. Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпараттардың 80 - 90 %- дан астамын көзбен көріп біледі. Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша мүшелерден тұрады. Көз алмасы 3 түрлі қабақтан тұратын шар тәрізді мүше.
Сыртқы қабық: Көзге пішін береді, жарық сәулесін өткізеді.
Ортаңғы қабық: қантамырлы нұрлы қабық. Ортаңғы қабықта қарашық орналасқан. Қарашық арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Нұрлы қабық бояғыш заттарға бай. Бояғыш заты аздау көз - көк немесе боз түсті болып келеді.
Ішкі қабық: Торлы қабық та жарықты қатты сезетін жасушалар орналасқан.
Көздің қосымша мүшелеріне – кірпік, қас, қабақ, бұлшықеттер, жас бездері жатады.
Қабақ пен кірпік Бұлшық еттер Жас бездері Қас
көзді шаң тозаңнан, қоқымнан, сұйық тамшылардан қорғайды.
Көзді жоғары –
төмен, ішке - сыртқа қарай қозғалтып тұрады. Ұдайы жас бөледі.
Көзді ылғалдап, жылытады. Аққан терді көздің ішіне жібермей ұстап,
қорғап қалады.
Адамның көру қабілеті жасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы: 10 жаста затты 7 см қашықтықтан жақсы көрсе, 45 - 50 жаста 33 см қашықтықтан жақсы көреді. Ал, 70 - те жақын тұрған заттар бұлдырап анық көрінбейді. Алыстағы көргіштік көбінесе қарт адамдарда кездеседі.

г/ Оқушыларға көзді күте білудің ережелерін тізбектей оқытып түсіндіру.
- Жазғанда жарық сол жақтан түскені дұрыс. Оқығанда кітап, дәптер көзден 30 - 35 сантиметр қашықтықта болуы керек.
- Жатып оқу, жазу, алагеуім жарықта оқыған зиян.
- Күн сәулесі, электр шамының жарығына тік қарауға болмайды. Көздің жанарын әлсіретеді. Жасыл түс көзге пайдалы.
- Көзді қолмен, кір орамалмен сүртуге болмайды. Түрлі микробтар түсуі мүмкін.
- Көзді үшкір заттардан сақтау. Қолыңда ұзын ағаш, қайшы, пышақ болғанда жүгірме.
- Теледидарды ұзақ қарама. Экраннан 3 - 6 м алыс отыру керек.
- Көлікте келе жатып кітап оқыма. Көз тез шаршайды. Егер ұзақ оқу керек болса, әрбір 20 минут сайын көзді демалдырып отыру керек.
Көз – адамның айнасы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама