Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Көзге арналған жаттығулар

- Отырып, дисплейдің бір бұрышынан екінші бұрышына кезек-кезек қараймыз.

- Отырып, терезе сыртындағы ең алыс обьектіні тауып, соған тесіліп қараймыз;

- Көзді 2-3 секунд қатты жұмамыз, ашамыз - 2-3 секунд. Осы жаттығуды 6-8 рет қайталаймыз;

- Кірпігімізді тез-тез 1-2 минут қағамыз;

- Түрегеліп тұрып, басты қимылдатпай оңға-солға, солдан-оңға, жоғары-төмен,төмен-жоғары қараймыз. Бұны 10-12 рет қайталаймыз;

- Алысқа 2-3 секунд тесіліп қараймыз, мұрынның ұшына 2-3 секунд қараймыз және бұны 6-8 рет қайталаймыз;

- Басты қимылдатпай көзді сағат тілімен, сағат тіліне қарама-қарсы 3-5 рет айналдырамыз.

 

Көздің құрғақтану белгісі пайда болса, көз дәрігеріне көрініңіз.

Қазір көзге арналған арнаулы тамшылар бар. Дәрігерге уақытында көрінсеңіз, көз ауруы онша асқына бермейді.

Л.А.ЕРМЕКБАЕВА, көз дәрігері


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама