Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша
Сабақтың тақырыбы: Критериалды бағалаудың тиімділігі
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Жалпы мақсаттары: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау теориясын сабақта қолдануға үйрету, критериалды бағалаудың тиімділігін көрсету.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Мұғалімдер критериалды бағалаудың тиімді әдіс – тәсілдерін меңгеріп, оларды сабақ барысында тиімді пайдаланады.
Пайдаланған әдіс тәсілдер 1. Тренинг 2. Топтық жұмыс
3. Жеке жұмыс 4. Кері байланыс
Қажетті құралдар: Интерактивті тақта, постер, маркер, стикер

Психологиялық ахуал
Тренинг 3 мин
Мұғалімдермен амандасу.
Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.
Ортаға шығып, бір - бірлеріңіздің арқаларыңызға жабыстырған ақ қағазға тілек жазасыздар
Топқа бөлу
1 - топ «Формативті»
2 - топ «Суммативті» 1 мин
Суреттер арқылы топқа бөлу (формативті смайликтер салынған сурет, суммативті 4, 5, 3 сандардың суреті)
Білу 4 мин
Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстырамын. Интертақта арқылы қосымша мәлімет көрсетемін.
Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін - өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады.
Критериалды бағалаудың екі түрі бар - жиынтық және қалыптастырушы.
Жиынтық бағалау - оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару.
Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы.

Критериалды бағалаудың тиімділігі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама