Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Күләш Ахметова «Қазағым менің» өлеңі
Күләш Ахметова «Қазағым менің» өлеңі
Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда дүниеге келген. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген.

Топтық жұмыс
1. Топ. «Қазағым менің» өлеңнің мағынасын ашу. Кластер жасау.
2. Топ. Қазағым менің. Сұрақ - жауап арқылы тақырыпты жан - жақты ашу.
Қазағым менің
Бір жерде тұрлау таппаған,
Қосылмай малы қаптаған,
Бөлініп қонған қазақты
Кімдер де кімдер шаппаған?!

Бағынып бірақ қалмаған,
Тәуелсіз қайран жан далам!
Жер бар ма жалпақ төсінде
Қасірет жасы қалмаған?!

Толқимын - дағы тоқталам,
Тоқталмай кімдер өтті аман?
Ардағын қимай қазақтар
Қай жерге күмбез соқпаған?!

Құстары көлде шулаған,
Тұлпары белде тулаған.
Тулары биік желбіреп,
Қандай әндер тумаған?!

Жауына қатты қасарған,
Қасарған сайын жасарған.
Найзамен
Нағыз қазақтың
Намысын кімдер баса алған?!

«Қазағым менің» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасаңдар.
1 - топ
1. Авторы:
2. Тақырыбы:
3. Жанр түрі:
4. Өлеңнің идеясы:

1 - топ
Өлең құрылысы
1. Шумақ саны:
2. Тармақ саны:
3. Бунақ саны:
4. Буын саны:
5. Ұйқас түрі:
2 - топ
Әдеби - теориялық ұғымдар
1. Троп - сөзді құбылту
а) теңеу –
ә) антоним -
б) метафора -

2 - топ
1. Өлеңнің түйіні:

«Мен кім?» өлеңіне сатылай кешенді талдау
Авторы: К. Ахметова
Тақырыбы: «Қазағым менің»
Жанр түрі: Лирика
Идеясы: «Жауына қатты қасарған,
Қасарған сайын жасарған...»
Шумақ саны: 10
Тармақ саны: 42
Бунақ саны: 2
Буын саны: 8
Ұйқас түрі: қара өлең, кезекті
Әдеби - теориялық ұғымдар
10. 1. Троп – сөзді құбылту
а ) теңеу – даладай
б) антоним – бардың - жоқтың
в) метафора – алтын бесікке
11. Өлеңнің түйіні: «... Ұрпақты сақтап қалсақ деп,
Қайда да, қайда кетпеген?!»

Кубизм
Күләш Ахметова кім?
Күләш қандай ақын?
Күләштың қандай шығармаларын білесіңдер?

Үйге тапсырма
«Қазағым менің».
Шағын шығарма жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама