Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Күләш Байсейітова
Сабақтың тақырыбы: Күләш Байсейітова.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасуына жағдай жасау.
Міндеттері:
1. Қазақтың әншісі әрі артисі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі - Күләш Байсейітова туралы мағлұмат беру.
2. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер меңгерте отырып, сөздік қорларын байыту, қарым - қатынастық біліктіліктерін арттыру.
3. Қамшының сабындай ғана ғұмырында үлкен жетістіктерге жеткен әнші өмірін үлгі тұту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, сөздік, эвристикалық, практикалық.
Сабақтың формасы: топпен, жеке.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, өнер.
Көрнекілігі: сөз басы, тесттер, бағалау парағы, карточкалар, оқытудың техн. құралдары.
Қолданылған оқыту технологиялары: АКТ, модульдық, сын тұрғысынан ойлау.

Бағыт беру кезеңі:
1. Оқушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу.
2. Сабақтың сөз басымен таныстыру
«Адам мен адамды теңестіретін - білім.» (М. О. Әуезов)
Іске асыру кезеңі:
1. Үй тапсырмасын тексеру. (жатқа жазғызу)
1. Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
2. Өнерлі өрге жүзеді.
3. Өнерді үйрен де, жирен.
4. Өнерліге өлім жоқ.
5. Өнерлінің өрісі ұзақ.
6. Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
7. Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
2. Үй тапсырмасын бағалау.
2."Қыз Жібек"операсынан К. Байсейітованың орындаған партиясын тыңдата отырып жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
3. Мәтінмен танысу(оқулықтағы мәтін бойынша)
а) оқушылардың оқуы
ә) сөздік жұмысы:
ерен жүйрік - искрометный
өнер иесі - талант
кейіпкер - герой
сомдады - создал(- а)
қысқа ғұмыр - короткая жизнь
б) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

4. Тапсырмалар
Берілген сөздерден сөйлемдер құрастырыңыз:
1. Таныды, музыкасын, дүние жүзінің, Күләш, операсы, арқылы, классикалық, қазақ халқы, мен.
2. Атанған, есімі, әнші, «Қазақ бұлбұлы», жаңа, Республикамыздың, опера, берілген, театрына астанасының.
3. Оның, кең, дауысы, даласындай, қазақ, биік, де.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама