Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Күмбір күйдің шебері (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
Сабақтың тақырыбы: «Күмбір күйдің шебері» (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары:
• Тыңдалған материал бойынша өз пікірлерін айту
• Музыкалық сауаттылықты дамыту
• Қарапайым музыкалық материалдарды жатқа тосыннан қосылып ән айту және ойнау.

Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: ән айтты
Музыкалық іс - әрекеттің кез - келген түрінде ұжыммен бірге белсенділік танытады.
Оқушылардың көпшілігі:
Музыкалық іс - әрекеттің кез - келген түрінде ұжыммен және жеке бірге белсенділік танытады.
Кейбір оқушылар:
Музыкалық іс - әрекеттің кез - келген түрінде ұжыммен және жеке бірге белсенділік танытады. Өзгелерге көмектеседі.

Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
Пән лексикасы мен терминологиясы:
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
Дикция, дирижер, қол көрсетілімі, әнді бірге бастау, бірге аяқтау, тыңдарман, динамикалық белгілер, екпін, мимика әртістік, шеберлік
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Қандай шығарманың әуен жолдары берілген
- берілген ырғақ қай музыкалық шығармалардан алынған
- вокалдық әншілік талаптарды қалай жақсартуға болады.
- сен неліктен осы музыкалық шығарманы тыңдадың.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Тарих, Әдебиет
Оқушылар сыныпқа күй арқылы кіреді. Мектептің әдемі ғой әр сабағы,
Қызық - ау, әсіресе ән сабағы. Топқа бөлініп, күйшілер, домбыра, қобыз құрылыстарымен таныстыру, постер арқылы. Үйренген әндерді қайталау. Сүйікті әндерін жеке оқушылар орындайды. Оқушыларға ән айту ережесін үнемі еске салу. Біздің оркестр балалар орындайды.

Сабақтың ортасы
(Ұ, Ж) Тұяқберді Шәмелов өміржолы туралы толық баяндалады. Мұражай қызметкері баяндайды. Оқулықтағы сұрақтарды қою арқылы баланың өз - өзіне қызмет етуі, сұрақ – жауап түрінде әңгімеленеді.
Күйші – кюйши – кюйши – қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйрету.
Дауыс жаттықтыру:
Сергіту сәті:
Ән үйрену: «Ауылымды сағындым» Т. Шәмелов әні – көңілді, жәй орындалады. Ән әуені мен мазмұны жақсы үйлесім тапқан. Әннің мазмұнын түсініп ой қорытады. Туған жер алтын бесік екенін түсінеді.
Музыкалық сауат: форте, пиано
(Ө, Ж, Қ) Сабақ соңында Құрманғазы атындағы ұлт - аспаптар оркестрінің орындауында Т. Шәмеловтың «Толғау» күйі тыңдалады. (видео) Әр топқа тыңдаған күйге байланысты шығармашылық жұмыстар беріледі. Суреттеу, 4 - жол өлең, сурет салу. Балалар музыкадан
алған әсерін әңгімелейді. Музыка тыңдай отырып тақырыпқа сай суреттейді.

Жәңгір хан атындағы
ЖББОМ - нің музыка пәнінің мұғалімі
Алмурзина Рита Жоламановна
Бөкей Ордасы мұражай кешенінің қызметкері
Абулхайрова Гульзада Нұрболатқызы

Күмбір күйдің шебері (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл). жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама