Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Күн. Жарықтың таралуы
Сабақ жоспары
Пәні: Жаратылыстану
Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Күн. Жарықтың таралуы.
Сабақтың мақсаты: Күн сәулесі, электр лампалары, шам немесе алау, сәуле шығаратын жануарлар өздерінен дүниенің кереметі жарық екендігін түсіндіру. Оқушыларға жарықтың түрлерін ұғындыр отырып, түрлі мысалдар келтіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойын жан - жақты дамыту
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке жарықты үнемдеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: Түсіндіру, мысалдар келтіру
Сабақтың көрнекілігі: фанарик, батарейка, табиғаттағы жарық көздері.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару
б) Оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Күннің ішкі температурасы неше?
2. Сыртқы температурасы неше?
3. Жарық жер бетіне қалай таралады?
4. Күн неге жер бетіне біркелкі таралмайды т. б.?

Жаңа сабақ:
Адамдардың жануарлардың қоршаған ортаны көре білуі - ең бір керемет қасиеттерінің бірі. Жер бетіндегі ең күшті жарық көзі - Күн. Барлық тіршілік иелері Күннің жарығына тәуелді өмір сүруде. Жұлдыздар кейбір жануарлар да белгілі бір деңгейде жарық бөліп шығарады. Жарықтанған Жер мен Ай, конусша көлеңке түсіреді және конусша шала көлеңке түсіреді. Жер көлеңкесіне Ай жарым - жартылай кіргенде, Айдың толық және шала тұтылуы болады.

Толық Күн тұтылуы Жерге Ай көлеңкесінің дағы түскен орыннан ғана көрінеді. Дақтың диаметрі 250 км - ден артпайды, сондықтан бір мезгілде Күннің толық тұтылуы тек Жердің азғана бөлігінде көрінеді. Толық тұтылу фазасы 7 минут 70 секундтан артыққа созылмайды.
Жерге Айдық шала көлеңкесі түскен орындарда Күннің шала тұтылуы байқалады.
Жердің Айдан және Күннен қашықтықтары аздап өзгеруі салдарынан, Айдың көрінерлік бұрыштық диаметрі Күндікінен бірде үлкенірек, бірде кішірек, ал бірде оған тең болып қалады.
Күннің толық тұтылулары ғылым үшін ерекше қызық, ал олар бұрын қараңғы адамдарды қатты үрейлендіретін.

Сабақты бекіту:
5. Күннің ішкі температурасы неше?
6. Сыртқы температурасы неше?
7. Жарық жер бетіне қалай таралады?
8. Күн неге жер бетіне біркелкі таралмайды т. б.?

Қорытынды:
Жануарлардың адамдардың қоршаған ортаны көре білуі - ең бір керемет қасиеттерінің бірі. Жер бетіндегі ең күшті жарық көзі - Күн. Барлық тіршілік иелері Күннің жарығына тәуелді өмір сүруде. Жұлдыздар кейбір жануарлар да белгілі бір деңгейде жарық бөліп шығарады.
Үй тапсырмасы:
1. Өткен тақырыптарға қайталау.
2. Қосымша мәліметтер

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама