Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Күнделікті сабақ жоспары, Диктант. Қоштасу
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып.
Тақырыптар:
41. Диктант «Қоштасу»
42. Лексикадан өткенді қайталау
43. Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік.
44. Қазақ әліпбиі
45. Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар


1. Пән аты: Қазақ тілі
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: ІІІ
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Диктант «Қоштасу»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды сауатты жазуға баулу, лексикадан алған білімдерін бекіту.,
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге, туған өлке табиғатын қорғауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: бақылау
Сабақтың түрі: диктант
Сабақтың әдіс - тәсілі: жазба жұмысы, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, жануартану

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау

II. Оқушыларды диктант мәтінімен таныстыру; жазу

Қоштасу
Күн шыққан жоқ. Қиқу үдей түсті. Көкжиекке күннің алтын иегін арта бергені - ақ мұң екен, Балқаш айдынынан ең алдымен ырғала - ырғала қаңқылдап, қоштаса сұңқылдап, үнін әсемдікпен әндете созып, аққулар тобы көтерілді. Олар көлден тіп - тіке күнге қарай көтерілді де, керуен басы алға шығып, санын түгендеп алған соң, тұп - тура Оңтүстікке Қаратауға, Сырға, Аралға, Каспийге бет алды. Аққулар тізбегі көл үстін бір айналып өтіп, бетін өз бағытына қарай бұрған шақта, ұшқыр үйректер топ - топ боп, өздерінше тізбек - тізбектер жасап, жол бастаған аққу - арулардың соңынан асығыс ұшты. Ең соңында қараша қаздар қалбақтап, көл үстінде у - шу боп, бейберекет көтерілді де, жоғарылай - жоғарылай келіп, сапын түзей бастады. Кейбірі тым көп қаңқылдап, керуен басылыққа таласты. Бірін - бірі итермелеп, сапты түзеп, батыры мен батылы алға шықты. Аққулар салған керуен жолына түсіп ап, оңтүстікке қарай бұлар да самғай тартты. Сәске түске дейін көл үсті бұлан - талан боп, көшкен құстан айықпады.
(С. Бақбергенов, 145 сөз)

IV. Сабақтың аяқталуы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын көру

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама