Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Күнделікті сабақ жоспары. Литосфералық тақталардың айналуы мен қозғалысы
Күнделікті сабақ жоспары, география 7 сынып
Тақырыптар:
11 - сабақ. №1 Сарамандақ жұмыс. Литосфералық тақталардың айналуы мен қозғалысы
12 - сабақ. Табиғат кешені - табиғат компоненттерінің өзара байланысы
13 - сабақ. Географиялық зоналық. Сырлы әлем
14 - сабақ. Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
15 - сабақ. Еуразия. Географиялық орны. Халқының қоныстануы мен зерттелуі.


Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: №1 Сарамандақ жұмыс. Литосфералық тақталардың айналуы мен қозғалысы
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға жалпы литосфера таралуы бойынша алған білімдерін тексеру, олардың қозғалу бағыты мен жылдамдығын анықтау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, график сызба білуге, жылдам есептеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдылыққа, бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ
Оқыту әдісі: Іздену, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталуы: Атлас карта, кескін карта, суреттер, дүниежүзінің картасы

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.
Жердің қатты қабығы болып саналатын литосфера жер қыртысы мен мантияның қабығы болып саналатын литосфера жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігін қамтиды.
Литосфераның плиталар теориясы бойынша, жер қыртысы және мантияның жоғарғы бөлігі жекеленген плиталардан тұрады. Қазіргі кезде 7 ірі платформа мен ондаған кіші плиталар анықталған. Олар мұхиттық материктік болып ажыратылады. Ірі литосфералық плиталардың көпшілігі материктік пен оларға жалғанып жатқан мұхит табандарын қоса қамтиды. Аса ірі плиталар қатарына Еуразиялық, Солтүстік Америкалық, Оңтүстік Америкалық, Африкалық, Үнді аустралиялық мұхиттық плита болып табылады.
• Литосфералық тақталардың ажырау шекарасы;
• Литосфералық тақталардың ығысуы, жылжу шекарасы;
• Литосфералық плиталардың қозғалу бағыты мен жылдамдығы см/жылд.;
• Сейсмикалық аймақ;
• Екі құрлықтық плиталардың ығысу шекаралары;

Қорытынды: Әрбір материктің негізін жер қыртысының тегістелген, салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерін платформалар құрайды.

Үйге тапсырма: Картадан литосфералық плиталардың орналасуын картаға салып келу. Қосымша материалдар жинау. Жер қыртысының тұрақты және қозғалмалы бөліктерін картадан табу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама