Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып
Тақырыптар:
41. Қ. Аманжолов «Дауыл»
42. Ж. Молдағалиев «Ар - ұят туралы»
43. Қ. Шаңғытбаев «Сабалақ»
44. М. Мақатаев «Фантазия»
45. М. Мақатаев «Барлығы да сендердікі», «Мен таулықпын»


№8 Сабақ үлгісі:
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: ІІІ
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Қ. Аманжолов «Дауыл»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Дауыл» өлеңі жайлы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: өз бетінше талдау, зерттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба суреттер, электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сабақ эпиграфы: Дейсіңдер – ау Қасымның несі басым?
Қасым солай болмаса несі Қасым?
Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.
(М. Мұқағали)

1. Тірек сызба арқылы ақын өміріне, шығармашылығына шолу
Қасым Аманжолов (1911 - 1955)
Өмір жолы

Қарқаралыдағы қызыл деген жер
Соғысқа қатысқан
Балалар үйінде тәрбиеленген
Шығармашылығы
Өлеңдері: Поэмалары:
«Сарыарқа», «Ақын өлімі туралы аңыз»
«Ертіс»
«Жайық» «Қытай қызы»
«Орал» «Құпия қыз»
«Мен «Бикеш»
Табиғат бөбегі». «Естай – Қорлығайын».

2. Өлеңді мәнерлеп оқу.
3. ұжымдық жұмыс
• Лирика түрі –
• Тақырыбы –
• Идеясы –
• Лирикалық кейіпкерге мінездеме беру
VІ. Түсінік тексеру:
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
• Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
ІІ деңгей
• Өлең құрылысына талдау.
ІІІ деңгей
• Ақынның поэтикалық тіліне талдау.
ІV деңгей
• «Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы»... атты эссе жазу.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Балалар біз бүгін не білдік, не үйрендік?
VІІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
1. Қ. Аманжолов «Дауыл» өлеңді жаттау.
2. ойтолғау жазу.

41, 42, 43, 44, 45 сабақты жүктеу

Толық нұсқасын көру

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама