Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Күнделікті сабақ жоспары. Табиғат зоналары
Күнделікті сабақ жоспары, география 7 сынып
Тақырыптар:
21 - сабақ. Табиғат зоналары
22 - сабақ. Еуразия халқы және елдері
23 - сабақ. Солтүстік және Батыс Еуропа елдері
24 - сабақ. Шығыс Еуропа елдері
25 - сабақ. Оңтүстік – Батыс Азия елдері


Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Табиғат зоналары
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды Еуразия материгінің табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңыздыларына тоқталу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылықпен жұмыс істеуге, картамен жұмысты жандандыруға есте сақтау қабілеттерін жандандыру.
3. Тәрбиелік: Басқа елдің табиғатымен таныса отырып, өз елінің, жерінің табиғатын сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Схема арқылы
Сабақтың әдістемелік жабдықталуы: Атлас карталар, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.
Жаңа сабақ:
Еуразия солтүстік жарты шардың барлық климат белдеулерін алып жатқандықтан, мұнда солтүстік жарты шарға тән барлық табиғат зоналарының жиынтығы кездеседі. Олар материктің көп бөлігінде ендік бағытқа сәйкес, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр.
Солтүстіктегі арктикалық аралдардан бастап, тайга зоналарына дейін табиғат зоналары ендік бағытта тұтас алап болып созылып жатыр. Ал одан оңтүстікке қарай зоналар батыстан шығысқа қарай жіңішке жолақтар түрінде таралады.
Еуразия материгінің табиғат зонасы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Онда табиғат зоналарының барлық белгілері бар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, субтроиктік, субарктикалық, арктикалық.

Жаңа сабақты бекіту:
Тест
1. Қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы –
А) тундра;
В) тайга;
С) шөл;
Д) орманды тундра;
2. Тайга мен жалпақ жапырақты ормандар аралығында орналасқан -
А) шөлейт;
В) арктикалық шөл;
С) аралас орман;
Д) шұраттар;
3. Қоңыржай белдеуінің табиғат зоналары –
А) арктикалық шөлдер;
В) қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар;
С) саванналар;
Д) орманды дала және дала;
4. Жер асты сулары жақын жатқан шұраттарда не өседі?
А) панда;
В) грек жаңғағы;
С) құрма пальмасы;
Д) лавр ағашы;
5. Экваторлық белдеудің ылғалды ормандарында кездесетін әдемі құсты ата?
А) попугай;
В) тауыс;
С) тауық;
Д) түйеқұс;

6. Еуразияның оңтүстігіндегі аралдарына қандай белдеу тән?
А) қоңыржай;
В) тропиктік;
С) субтропиктік;
Д) экваторлық белдеудің ылғалды ормандары;
7. Шөл зонасының ортасында орналасқан атақты шөл –
А) Такла - Макан;
В) Сахара;
С) Сарыарқа;
Д) Қызылқұм;
8. Бамбук аюы –
А) Гималай аюы;
В) Гризли;
С) қоңыр аю;
Д) панда;
9. Орманды даланың негізгі жануары –
А) кірпі;
В) жираф;
С) піл;
Д) қасқыр;
10. Шөлдердегі температура –
А) 30ºС - 40ºС;
В) 40º - қа дейін;
С) 50º - қа дейін;
Д) 40º - тан жоғары;

Қорытынды: Қорытындылай келе, бүгінгі сабақта Еуразия материгінің табиғат зоналарының түрлерімен таныстырдым. Жаңа сабақты бекіту үшін оқушылардың білімдерін тест арқала тексердім.
Үйге тапсырма: §19 - 20 оқу. Кескін картаға табиғат зоналарын түсіру. Қосымша материалдар, суреттер қорын жинап әкелу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама